АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен атысты тоқтату режимін енді күшінде деп санамайтынын және Иран тарапымен келіссөздерді жалғастыруға ниетті емес екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Анкарадағы альянс саммиті алдында НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен бірлескен мәлімдемесінде АҚШ президенті Иранмен атысты тоқтату келісімі енді өзі үшін күшін жойғанын айтты.
"Мен Иранмен бұдан былай істес болғым келмейді", - деді Трамп.
.
Журналистер алдында сөйлеген сөзінде Трамп Иран басшылығын келіссөздер кезінде адал болмады деп айыптап, оларды қатаң сынға алды.
"Олар - өтірікшілер. Біз келісім жасаймыз. Бәрі келіседі. Ешқандай ядролық қару болмайды. Біз келісім жасаймыз. Кейін олар баспасөзге шығып, біз бұл туралы тіпті сөйлескен де жоқпыз дейді. Оларда бір шикілік бар", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Америкалық әскерилер Иран нысандарына бірқатар соққы жасады, бұл 7 шілдеде Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемелерге жасалған шабуылдарға жауап болды. АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) америкалық әскерилердің Ирандағы 80-нен аса нысанды жойғанын хабарлады.
Бұған жауап ретінде Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) өңірдегі америкалық әскери нысандарға жасалған соққылар туралы мәлімдеді.