21 мамыр 2014 17:15

Мысырдың экс-президенті Хосни Мүбарак үш жылға бас бостандығынан айрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысыр соты елдің экс-президенті Хосни Мүбаракты бюджет қаражатын иемденгені үшін үш жылға абақтыға қамауға үкім шығарды, деп хабарлайды РИА Новости.


Мысыр соты елдің экс-президенті Хосни Мүбаракты бюджет қаражатын иемденгені үшін үш жылға абақтыға қамауға үкім шығарды, деп хабарлайды РИА Новости.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты іспен сондай-ақ экс-президенттің екі ұлы - Гамал мен Алаа да жауапқа тартылды. Сот олардың әрқайсысын төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Хосни Мүбарак пен оның балалары 125 миллион египеттік фунтты (шамамен 18 миллион доллар) меншіктеп алғаны үшін айыпталды. Бұл қаражат мемлекет басшысының сарайын қалпына келтіру және жөндеу үшін Мысыр елінің бюджетінен бөлінген. Алайда бұл қаражат мемлекет басшысының резиденциясын жөндеу үшін емес, экс-президенттің отбасының жеке-жайлары мен кеңселерінің құрылысы және дизайнына жұмсалған.

БАҚ құралдарының хабарлауынша, үш сотталушы да 21,1 миллион египеттік фунт (2,9 миллион доллар) айып төлеуге және қазына шығынын өтеуге міндеттелген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети