03 сәуір 2021 10:39

Навальныйдың камераластары оның колониядағы тәртібі туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© LIFE © LIFE

RT телеарнасының түсірілім тобы Владимир облысындағы Алексей Навальный жазасын өтеп жатқан ИК-2 колониясына барып қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


RT телеарнасының түсірілім тобы Владимир облысындағы Алексей Навальный жазасын өтеп жатқан ИК-2 колониясына барып қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер Навальныйдың өзімен, колония басшылығымен, мекемеде жұмыс істейтін адамдармен және тұтқындармен сөйлесті.

Фельдшер Наталья Авдеева Навальный медициналық көмекті толық көлемде алып жатқанын айтқан, алайда оппозиционердің өзі оған медициналық қызмет көрсетуден бас тартылғанын айтып отыр.

"Біз 24-і оны Владимир облыстық клиникалық ауруханасына тексеруге апардық. Осыдан кейін біздің невропатолог дәрігер ем тағайындады, ол бас тартты. Әлі де қарсы. Ол өз дәрігерін сұрайды. Сауатты ем шаралары тағайындалды, бізде барлық препарат бар", - деді фельдшер.

Сонымен қатар, Навальныйдың көршілері оған әр сағат сайын бетіне шам жағып, тұрғызып тегі мен қай баппен сотталғанын айтуға мәжбүр етіп, ұйықтауға мұрша берілмейді деген ақпаратты жоққа шығарды. Айта кетейік, Навальныйдың жеке ісінде "қашуға бейім" деп көрсетілгеніне байланысты, заң бойынша әр екі сағат сайын, түнде де, ол тексерілуі керек.

Бірақ телеарна сюжетінде сотталғандарды бұлай ешкім оятпайтыны айтылады. Мекеме қызметкерінің формасына бейнекамера бекітілген, олар тек тексерілушінің төсегіне барып, орнында екеніне көз жеткізеді. 

Навальный төсектің төменгі жағында, терезе жанында ұйықтайды екен. Тұтқындар стандарттары бойынша бұл өте құрметті орын саналады.

Саясаткермен бір камерада жатқан Константин Михалкиннің айтуынша, Навальный жұмыс істеуден бас тартады және соңғы екі күн төсекте жатқан. Ол колонияда жұмыс уақытында ондайға тыйым салынғанын атап өтті. 

Жалпы, телеарна сюжетінде Навальныйдың камераластары оның тыныш екенін айтады, тек әңгіме кезінде тәкаппарлығы сезіледі екен. Навальныйдың жұмыстан бас тартуы отрядтағыларға ұнамайды. Бірақ жағдай жанжалға жетпепті. 

Сондай-ақ, Навальныйдың камераласы оның сәлемдемелер алып, бөлісетінін айтты. Соңғы рет жаңғақтар мен кептірілген жемістер, кептірілген өрік, шай берген екен. Сюжетте ол түрмеде саяси үгіт-насихат жүргізбейтіні, тек теледидардағы жаңалықтарға кейде пікір білдіретіні айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети