12 қаңтар 2019 16:22

Париж орталығында жойқын жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін таңғы уақытта Париж орталығында жарылыс болды. Зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Бүгін таңғы уақытта Париж орталығында жарылыс болды. Зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жергілікті телеарнаның мәліметінше, нан сататын дүкенде жарылыс шыққан. Нәтижесінде бірнеше адам зардап шеккен. Оқиға орнында құтқару қызметіндегілер жұмыс істеп жатыр.

BFMTV телеарнасының мәліметінше, зардап шеккендер бар.

"12 адам ауыр жағдайда жатыр, олардың үшеуі - өрт сөндірушілер", - деп хабарлады қалалық өрт сөндіру қызметінің қызметкері Эрик Мулен.

Сондай-ақ, бес адамның өміріне қауіп төніп тұрғаны айтылады. 24 адам жеңіл жарақат алған. Кейінірек жарылыстан төрт адамның қаза тапқаны хабарланды.

"Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа газдың сыртқа таралып кетуі себеп болған. Біздің Франциядағы дипломаттарымыз зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр", - деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.


Видеодан алынған кадрлар

Жарылыс шамамен сағат 9.00-де (Астана уақыты бойынша сағат 14.00-де) болған. Полициядағылар Twitter желісіндегі хабарламада жарылыс болған аумаққа бармауға кеңес береді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети