03 наурыз 2022 01:31

Роман Абрамович "Челси" футбол клубын сататын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: chelseanews.ru Фото: chelseanews.ru

Ресейлік миллиардер Роман Абрамович өзіне тиесілі "Челси" футбол клубын сататын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейлік миллиардер Роман Абрамович өзіне тиесілі "Челси" футбол клубын сататын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кейінгі күндері БАҚ бетінде "Челсиге" қатысты түрлі спекуляция қаптады. Осы тұста мәселенің басын ашып, ресми мәлімдеме жасағым келеді. Бұған дейін де айтып жүргенімдей, әрқашан клубтың мүддесін бірінші сатыға қойып, оның болашағына асқан жауапкершілікпен қарап келемін. Бүгін де дәл солай болып тұр. Қазіргі жағдайда клубты сату туралы шешім қабылдадым. Шынымды айтсам, маған бұл шешімге келу оңай болмады, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын", - делінген Абрамовичтің мәлімдемесінде.      

Сондай-ақ, кәсіпкер клубты сатудан түскен ақшаның біршама бөлігі Украинадағы соғыста зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құрылатын қайырымдылық қорына түсетінін айтты.

БАҚ-тың хабарлауынша, Роман Абрамович клубты 4 миллиард фунтқа бағалап отыр.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети