11 қыркүйек 2021 09:35

Сарапшы Орталық Азиядағы қай ел тәліптерден "қорқуы" керегін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Ресейлік саясаттанушы Алексей Мухин "Комсомольская правда" радиосында Орталық Азиядағы қандай елге Ауғанстандағы биліктің ауысуымен қауіп төнетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейлік саясаттанушы Алексей Мухин "Комсомольская правда" радиосында Орталық Азиядағы қандай елге Ауғанстандағы биліктің ауысуымен қауіп төнетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшының сөзінше, Өзбекстан мен Тәжікстан тыныш өмір сүре береді, бірақ өзінің сол жердегі әскери инфрақұрылымын жедел күшейтіп жатқан "Ресейдің кепілдігімен".

"Түрікменстанға "қорқу" керек. Түрікменстанның әскері өте әлсіз, бірақ ресурстары өте көп. Әрине, белгілі бір кезеңде "Талибан" (Қазақстанда террористік ұйым саналады) үшін бұл стратегиялық маңызды болады", - деді Мухин.

Дегенмен, саясаттанушы Ауғанстан халықаралық терроризмнің ошағы болатынына күмән келтіреді. Мухиннің айтуынша, қазір бұл үшін ешқандай сыртқы себептер жоқ.

"Дегенмен АҚШ бұған алғышарттар жасап кетті: олар Ауғанстанның ресми билігінің қаражатын банктерінде бұғаттап қойды және Халықаралық валюта қоры арқылы көп қару қалдырып кетті. Олар аш, бірақ қарулы адамдар армиясын құрды", - дейді ол.

Бұл әрекеттер, сарапшының пікірінше, сұрақтар туғызады, өйткені "Талибан" АҚШ-та да террористік ұйым деп танылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети