Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Сауд Арабиясы королі Эбола вирусымен күреске 35 миллион доллар бөлді

09 Қаңтар 2015, 14:01
0
Абдалла ибн Абдул-Әзиз әл-Сауд. ©zet09.livejournal.com
Абдалла ибн Абдул-Әзиз әл-Сауд. ©zet09.livejournal.com

Сауд Арабия королі, екі қасиетті мешіттің сақтаушысы Абдалла ибн Абдул-Әзиз әл-Сауд Батыс Африкаға Эбола безгегімен күресуге 35 миллион долларлық грант бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан баспасөз клубына сілтеме жасап.

Бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында Ислам даму банкінің президенті Ахмад Мохаммед Әли Эболамен күрес бағдарламасында дертті тауып, емдеу, сонымен қатар оның таралуының алдын алу мақсатында мектептерді жылу датчиктерімен және медициналық анықтау құрылғылармен жабдықталатынын мәлімдеді. Бұл құрылғылардың арқасында билік осы жылы жаңа мектептер салады. Сонымен қатар, Ахмад Мохаммед Әлидің айтуынша, оқушылар мектепке кірер кезде арнайы тексерістен өтеді, бұл ата-аналардың мектептегі балаларының өміріне алаңдамай, сеніп тапсыруына мүмкіндік береді.

Мұнымен бірге, жылу датчиктері мен медициналық диагностика құрылғыларын әуежай, теміржол вокзалдары және автобус станцияларында қою жоспарланып отыр. Ал Эбола безгегі таралған жер - Малиде мамандандырылған арнайы емдеу орталығы ашылады. Сьерра-Леоне, Гвинея, Либерия елдерінде де емдеу орталықтары салынатын болады. 

Президент екі қасиетті мешіттің сақтаушысының көмегі Эбола безгегіне қарсы халықаралық күресте Ислам әлемінің күшін қуаттай түсетінін айтты. Оның пікірінше, бұл қаржымен мектептерді ашып, індетке қарсы күрестің институциялық және медициналық инфрақұрылымын бекіте түседі.  

Еске сала кетейік, Эбола безгегі 2014 жылы ақпанда Гвинеяда пайда болды. Кейін індетті жұқтырғандар Либерияда, Сьерра-Леонеде, Нигерияда, Конго Демократиялық Республикасында және Сенегалда тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтеріне қарағанда, бүгінде Эбола безгегін 21 мыңға жуық адам жұқтырды, оның 8153-і қайтыс болды. Сарапшылар ауру жұқтырғандардың қатары 2015 жылы азаяды деп болжайды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай