22 мамыр 2023 17:35

"Шексіз ризамын". Лукашенко Роман Протасевичке рақымшылық жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:belta.by Фото:belta.by

Сегіз жылға бас бостандығынан айырылған NEXTA Telegram-арнасының бұрынғы бас редакторы (Беларусьте лаңкестік ұйым деп танылған) Роман Протасевич өзіне рақымшылық жасалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БелТА-ға сілтеме жасап.


Сегіз жылға бас бостандығынан айырылған NEXTA Telegram-арнасының бұрынғы бас редакторы (Беларусьте лаңкестік ұйым деп танылған) Роман Протасевич өзіне рақымшылық жасалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БелТА-ға сілтеме жасап.

"Мен рақымшылыққа ілінгенім туралы барлық тиісті құжатқа жаңа ғана қол қойдым. Бұл, әрине, тамаша жаңалық", - деді Роман Протасевич.

Журналистерге берген сұхбатында Протасевич "елге және жеке президентке шексіз риза" екенін мәлімдеді.

"Әрине, бірінші кезекте мұндай шешім қабылдағаны үшін елге және жеке президентке (Беларусь президенті Александр Лукашенко) шексіз ризамын және алдағы уақытта тек жақсы болатынына сенемін", - деді ол.

Болашаққа жоспарлары туралы сұраққа жауап берген Протасевич әзірге нақты жоспары жоқ екенін, бірақ жаттығу залына жазылып, табиғат аясына барғысы келетінін атап өтті.

Еске салайық, 3 мамырда Минск облыстық соты Протасевичті мемлекеттік билікті басып алуға жария түрде шақыру, лаңкестік әрекеттер, президент Александр Лукашенкоға тіл тигізу және басқа да қылмыстар үшін кінәлі деп тауып, сегіз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети