Шойгу Пригожин көтерілісіне қатысты пікір білдірді

Алғабек Хамитұлы
Алғабек Хамитұлы Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©РИА жаңалықтары Фото ©РИА жаңалықтары

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу 23-25 ​​маусымда елдегі жағдайды тұрақсыздандыру әрекетіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу 23-25 ​​маусымда елдегі жағдайды тұрақсыздандыру әрекетіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ресей Қарулы Күштері басшылығымен селекторлық кеңесте сөйлеген сөзінде Шойгу Ресейдегі жағдайды тұрақсыздандыру әрекеті Ресей Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерінің антына адалдығынан абыройлы аяқталғанын айтты.

"Тағы бір сұраққа тоқталмай кете алмаймын, оған біздің Жоғарғы бас қолбасшымыз жан-жақты жауап берді. Біз 23-25 ​​маусымда Ресейдегі жағдайды тұрақсыздандыру әрекеті туралы айтып отырмыз. Бұл жоспарлар, ең алдымен, сәтсіз аяқталды. Қарулы Күштердің жеке құрамы антына және әскери борышына адалдық танытты", - деді Шойгу.

Шойгудың айтуынша, арандатушылық ресейлік әскерлер топтарының әрекетіне әсер етпеген, әскери қызметшілер өздеріне жүктелген міндеттерді жалғастыра береді.

Еске сала кетейік, 24 маусымға қараған түні "Вагнер" басшысы Евгений Пригожин "әділет шеруін" бастап, әскери колоннаны Мәскеуге жіберді. Владимир Путин жалдамалылардың әрекеттерін "арттан жасалған соққы" деп атады, сонымен қатар, қарулы көтеріліс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

24 маусымда түн ортасына қарай Пригожин "Вагнер" жауынгерлері Мәскеуге жетуіне 200 шақырым қалғанын және "қан төгілуі мүмкін сәт келгенін" хабарлады. Бұдан бірнеше минут бұрын Беларусь президентінің баспасөз қызметі Александр Лукашенко "Вагнер" басшысымен "күні бойы жалғасқан" сәтті келіссөз жүргізгені туралы мәлімдеді.

Кейінірек Кремль Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын, ол Беларуське кететінін мәлімдеді. Ал билік көтеріліске қатысқан "Вагнер" құрамындағыларды қудаламайтыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer