28 шілде 2022 14:30

Шри-Ланкада төтенше жағдай режимі ұзартылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Шри-Ланка парламенті елдегі төтенше жағдай режимін бір айға ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.


Шри-Ланка парламенті елдегі төтенше жағдай режимін бір айға ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Экономикалық дағдарысқа байланысты толқулардан кейін заң шығарушылар атқарушы биліктің төтенше өкілетін ұзартты. Оппозицияның қарсылығына қарамастан, заң шығарушылар 120 дауыспен режимді ұзартуға дауыс берді.

Конституцияға сәйкес, төтенше жағдайдың жалғасуы үшін оны президент жариялағаннан кейін екі апта ішінде парламент қабылдауы керек.

Төтенше жағдай әскерге күдіктілерді ұстауға және қамауға, ал президентке кез келген тәртіпсіздікті жою үшін қолданыстағы заңдарды жоққа шығаратын жарлықтар шығаруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Еске салайық, 13 шілдеде Готабайя Раджапакса Шри-Ланкада бұрын-соңды болмаған қаржылық-экономикалық дағдарыс кезінде ел экономикасын тығырыққа тіреген ауқымды наразылықтарға байланысты елден шығып, Мальдив аралдарына бет алған болатын.

Ел президенті 13 шілдеде отставкаға кетуге уәде берді. Премьер-министр Ранил Викрамасингхе де коалициялық үкімет құру үшін отставкаға кетуге келісті. Парламент спикері Махинда Япа Абейвардена уақытша мемлекет басшысы болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети