01 ақпан 2021 | 16:04

Трамп Нобель сыйлығына ұсынылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Эстонияның Еуропарламент депутаты Яак Мадисон АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығына ұсынды. Саясаткер Трамптың кандидатурасын соңғы 30 жылда ел басқару қызметі кезінде соғыс бастамаған АҚШ-тың тұңғыш президенті екеніне байланысты ұсынғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Эстонияның Еуропарламент депутаты Яак Мадисон АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығына ұсынды. Саясаткер Трамптың кандидатурасын соңғы 30 жылда ел басқару қызметі кезінде соғыс бастамаған АҚШ-тың тұңғыш президенті екеніне байланысты ұсынғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

"Сонымен қатар, оның басшылығымен Таяу Шығыста тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге көмектесетін бірқатар бейбіт келісімдерге қол қойылды. Нобель сыйлығын кім алатынын көрейік", - деп жазды Эстонияның консервативті халықтық партиясының өкілі өзінің Facebook-парақшасында.

Мадисон Трампты Нобель сыйлығына ұсынған жалғыз адам емес.

"Трамптың үміткерлігін неғұрлым көп адам ұсынса, жетістікке жету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады", - деді Мадисон.

Айта кетейік, 2020 жылдың қыркүйегінде Норвегия парламентінің өкілі Кристиан Тибринг-Гедде Нобель комитетіне Трампты бейбітшілік сыйлығына ұсыну туралы ресми өтініш жіберді. Ол өз хатында Трамп әкімшілігі Израиль мен БАӘ арасындағы қарым-қатынасты орнатуда маңызды рөл атқарғанын айтты.

Нобель сыйлығы Осло қаласында 1901 жылдан бастап жыл сайын беріледі. Нобель қорының жарғысына сәйкес кандидаттарды әр түрлі елдердің ұлттық парламенті, үкіметі мен халықаралық сот мүшелері, университет ректорлары, Норвегиялық Нобель комитетінің қазіргі және бұрынғы мүшелері мен кеңесшілері ұсына алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.19  course up  543.92  course up  5.27  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer