18 мамыр 2022 09:24

Түрік лирасы тоғыз күн қатарынан құнсызданып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Түрік лирасы тоғыз күн қатарынан құнсызданып жатыр. Dünya түрік экономикалық басылымының мәліметінше, доллар 15,85-тен сатылып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.


Түрік лирасы тоғыз күн қатарынан құнсызданып жатыр. Dünya түрік экономикалық басылымының мәліметінше, доллар 15,85-тен сатылып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

Түркияның қазынашылық және қаржы министрі Нуреддин Небати бұған дейін үкімет қаржы нарықтарындағы тұрақтылықты қамтамасыз ететінін және лира бағамының доллар мен еуроға құбылмалылығын бақылауға алатынын мәлімдеген болатын. 

"17 мамырда таңертең доллар/түрік лирасы 15,85, ал еуро/түрік лирасы 2 пайызға өскен", - делінген Dünya хабарламасында. 

Басылым кейінгі екі аптада лира долларға шаққанда 7 пайызға құнсызданып кеткенін атап өтті. Осылайша, 4 мамырда 14,77 болған доллар бағамы кейінгі тоғыз күнде 1 лираға өскен. Бұған банктік пайыздық мөлшерлемелердің көтерілуінен және әлемдік нарықтардағы сатушылардың қысымының жоғарылауынан туындаған рецессия қорқынышы себеп болуы мүмкін. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети