22 қазан 2020 09:09

Түрікменстан Қазақстандағы азаматтарын елге қайтарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрікменстан Қазақстан мен Қырғызстанда пандемия кезінде қалып қойған азаматтарын елге қайтарады, - деп хабарлайды РИА Новости


Түрікменстан Қазақстан мен Қырғызстанда пандемия кезінде қалып қойған азаматтарын елге қайтарады, - деп хабарлайды РИА Новости

"2020 жылдың 30 қазанында Қазақстан Республикасында уақытша жүрген 100 Түрікменстан азаматы "Гарабогаз" өткізу бекеті арқылы қайтарып, екі апта карантинге жатқызылады", - делінген "Ориент" жергілікті жаңалықтар сайтында. 

Сонымен қатар, "Ориент" хабарлауынша, Түрікменстан азаматтығы бар 16 түрікмен азаматы мен Ауғанстанның 2 азаматы Бішкек-Ташкент рейсімен елге қайтарылады. Азаматтар Лебап облысы әкімшілігінің автомобиль көлігі бөлімінің ғимаратында ұйымдастырылған орталыққа 14 күнге карантинге жатқызылады.  

Биліктің ресми мәліметі бойынша, Түрікменстанда коронавирус дерегі тіркелмеген. Алайда елде маска тағу режимі мен басқа да шектеулер бар. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети