02 қараша 2020 12:36

Түрікменстанда дресс-код ережесін бұзған мұғалімдер мектептен қуылады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрікменстанда дресс-кодты бұзған мұғалімдер мектептен қуылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Centralasia.media басылымына сілтеме жасап.


Түрікменстанда дресс-кодты бұзған мұғалімдер мектептен қуылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Centralasia.media басылымына сілтеме жасап.

Turkmen news мәліметінше, Түрікменабад қаласында әкімшілік қызметкері мұғалімдерге жиналыс кезінде шашты ашық түске боямау, алтын әшекей тақпау және денеге жабысып тұратын киім кимеу туралы айтқан.

Мұғалімдер шашын орамалдың астына жасыруы керек. Бұл туралы әйелдерге білім, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт жөніндегі хәкім Гүлнара Джумаева мәлімдеген.

Шенеуніктің айтуынша, мұғалімдер өз сырт келбетімен қоса, айналасындағы әйелдерге де ескерту жасауы керек.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети