26 тамыз 2016 | 15:57

Ольга Рыпакованың қола жүлдесі алтынмен тең - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ольга Рыпакова. © vesti.kz Ольга Рыпакова. © vesti.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеңілатлет Ольга Рыпакованың жеңістерін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеңілатлет Ольга Рыпакованың жеңістерін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жеңіл атлетиканың биік шындарының бірін бағындырып, қола жүлдеге ие болған Ольға Рыпакованы ерекше атап өткім келеді. Ольганың қоласын да алтынға теңестіремін. Лондон мен Риода өтіп жатқан екі Олимпиада ортасында Ольга Рыпакова ұл босанып үлгерді. Қазір баласы үш жасқа келіп қалды. Дене бітімін де сақтаған. Жарайсың. Біріншіден Ольга - ана, екіншіден батыр", - деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ, ол бапкерлерді, спортшының туыстары мен жақындарын осы жеңіспен құттықтады.

"Ауыр атлетикадағы көшбасшылық орындарымызды күміс жүлдегер Жазира Жаппарқұл, қола медаль алған Карина Горичева, Фархад Харки және Александр Зайчиковтар қорғап шықты. Үздік нәтижелерді әйелдер күресінен спортшыларымыз көрсетті. Гүзел Манюрова екі мәрте күміс жүлдегер атанды, Эльмира Сыздықова мен Екатерина Ларионова қола медаль жеңіп алды.

Егер бұрынғы Олимпиадалардан чемпиондарымызды шеттетпесе, көрсеткіш бұдан да жақсы болар еді. Спорттың аты спорт, жаттығу керек", - деді ол.

Екінші дәрежелі "Барыс" орденімен Олимпиада чемпиондары  Нижат Рахимов, Данияр Елеусінов пен Дмитрий Баландин, сондай-ақ күміс медаль иегерлері Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов марапатталды.

"Парасат" орденімен күміс медаль жүлдегерлері Гүзел Манюрова, Жазира Жаппарқұл мен Елдос Сметов, сондай-ақ қола медаль иегері Иван Дычко марапатталды.

Ал қола медаль иегерлері Галбадрах Отгонцэцэг, Карина Горичева, Александр Зайчиков, Екатерина Ларионова, Эльмира Сыздықова, Фархад Харки мен Дариға Шәкімова "Құрмет" орденімен марапатталды.

Еске салайық, еліміздің қоржынына алтын медальдарды ауыратлет Нижат Рахимов, жүзуші Дмитрий Баландин, боксшы Данияр Елеусінов әкелді. Ал күміс медальдарды боксшылар Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов, ауыратлет Жазира Жаппарқұл, дзюдодан Елдос Сметов және күрестен Гүзел Манюрова иеленді. Қола жүлдені ауыратлеттер Фархад Харки, Карина Горичева мен Александр Зайчиков, боксшылар Иван Дычко мен Дариға Шәкімова, күрестен Эльмира Сыздықова мен Екатерина Ларионова, дзюдодан Галбадраз Отгонцэцэг пен жеңіл атлет Ольга Рыпакова иеленді.

Жалпы Рио Олимпиадасына Қазақстанның атынан 26 спорттың түрінен 104 спортшы қатысты. Өткен Ойындар Еліміз үшін күміс медальдар бойынша және жалпы медальдар саны бойынша өзіндік рекорд орнатты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети