Жұмысынан айырылғандарға әлеуметтік төлем беріледі. Бұл туралы не белгілі?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған қанша адам әлеуметтік төлем алғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған қанша адам әлеуметтік төлем алғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Қанша адам әлеуметтік төлем алды?

Министрліктің ресми ақпаратына сүйенсек, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылар саны - 275,7 мың адам. Биыл 235,6 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 79,3 млрд теңге болды.

Әлеуметтік төлем қандай жағдайда беріледі?

Жұмыстан босатылған азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған табыстың 45%-ына дейінгі мөлшерде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен төленеді.

"Жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан беріледі, бұл жұмыссыз адамды жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған", - деп жазылған ақпаратта.

Төлемді қалай алуға болады?

Төлем тағайындалуы үшін жұмыстан босатылған азаматқа мына қадамдарды орындау керек:

  • eGov.kz порталында тіркелу;
  • "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
  • онлайн қызметке тапсырыс беріп, барлық жерді толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
  • бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы жұмыс орындарын ұсынады;
  • жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге мансап орталығы қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);

Бұл қызметті онлайн режимде Электрон еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro