Қазақстанда SIM-карта сатып алудың жаңа ережелері енгізілмек

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
ЖИ ЖИ

Үкіметте қазақстандықтардың жеке деректерін тарап кетуден және онлайн-алаяқтардан қалай қорғау керек екені талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Үкіметте қазақстандықтардың жеке деректерін тарап кетуден және онлайн-алаяқтардан қалай қорғау керек екені талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектенов интернет-алаяқтық жағдайларының көбейіп бара жатқанын атап өтті. Олардың ішінде жеке деректердің таралуына байланысты қылмыстар да бар. Ол жауапты ведомстволардан бұл мәселені шешу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.

"Біріншіден: мемлекеттік жеке деректерге қол жеткізуді бақылау сервисі іске қосылды. Оған 70 пайыздан астам мемлекеттік ақпараттық жүйе қосылды. Сервис азаматтардың келісімін жинақтайды және жеке деректерге қол жеткізу кезінде хабарлама жібереді.

Екіншіден: байланыс операторларымен жұмыс үйлестірілді. Алаяқтардың қоңырауларын анықтап, бұғаттайтын антифрод-орталықтар құрылды. Олар Ұлттық банктің антифрод-орталығымен біріктірілген", – деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, жаңа SIM-карталар сатып алу кезінде биометриялық тіркеу енгізіледі. Сондай-ақ, SIM-карталарды заңсыз үшінші тұлғаларға беру және SIM-бокстарды заңсыз пайдалануға жауапкершілік қарастырылады.

"Бұдан бөлек, "СТОП кредит" сервисі іске қосылды. Бұл сервис халық арасында қолданылып жатыр. Үшіншіден: жеке деректерді қорғау талаптарын бұзғаны үшін заңнамалық жауапкершілік күшейтілді. Алаяқтардың әрекетін шектеу және олардың жұмысына кедергі жасау үшін бірқатар заңнамалық нормалар әзірленді. Қазіргі уақытта бұл нормалар Парламент депутаттарының қарауында. Біз бұл бағытта жұмыс істеуді жалғастырамыз", – деп сендірді цифрландыру министрі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro