Нұр-Сұлтанда екі досын көліктің жүксалғышында отырғызып серуендеген жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда екі досын көліктің жүксалғышында отырғызып серуендеген жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Instagram әлеуметтік желісінде Нұр-Сұлтандағы Тілендиев көшесінің бойымен таңертең екі жігіт көліктің жүксалғышында серуендеп жүрген видео тарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл факт 19 маусымда сағат 04.03-те болған. ВАЗ 2115 көлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, екі досын көліктің капотына отырғызып айдаған.
Жүргізуші - елорданың 28 жастағы тұрғыны. Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР Кодексінің 1-бөлімі 593-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Қалған ережебұзушылар да әкімшілік жауапқа тартылды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!