Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) телеконференцияға қатысып, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) өтетін екінші кездесу туралы бірнеше сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) телеконференцияға қатысып, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) өтетін екінші кездесу туралы бірнеше сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді.
Қос боксшы жекпе-жек алдында ашық жаттығулар өткізеді. Осыған дейін Головкин мен Альварес жекпе-жекке екі апта қалғанға дейін қандайда бір кездесулер ұйымдастыру және шарлар өткізбейтін болып келіскен.
Назарларыңызға Альварестің сұхбатынан бірнеше цитаталар ұсынамыз.
Головкин Хопкинстің рекордын бұзуы мүмкін екені жайлы (реваншта жеңген жағдайда титулдарын қорғап қалу есебі бойынш): Головкиннің өз мақсаты мен қалауы бар. Менікі - 15 қыркүйекте жеңіске жету. Менің айтайын дегенім, бұл оның рекорды, оз қалауы. Сол себепті де ол жаттығу жасап, жеңіске жеткісі келеді. Менің бар білерім, мен 15 қыркүйекте жеңіске жетуге дайынмын, тамаша жұдырықтасу өнерін көрсетіп, әлемдегі ең үздік орта салмақтағы боксшы екенімді дәлелдегім келеді.
Головкин жайлы: Мен біздің осы реваншымыздың барына қуаныштымын - бұл кімнің мықты екенін анықтауға жақсы мүмкіндік. Жаттығуларда мен барымды салдым, себебі қарсыласымның кім екенін білемін. Головкин - жай қарсылас емес және қай жерде күш салу керегін білемін. Головкиннің соққысы жойқын. Бұл оның ең басты "көзірі". Бірақ мен бұрындары да мықты деген боксшылармен жұдырықтастым. Бірінші жекпе-жекте мен оның соққысына төтеп беруге дайын екенімді көрсеттім. Аса бір ерекшелік бар деп айтпас едім. Әрине мен оның мықты екенін білемін, соққыны да қабылдай біледі және қарсыласына бейімделе алады. Бірақ ол мені ештеңесімен таңғалдыра алмады. Мен оның кім екенін білдім. Мықты екенін білдім. Ол екінші кездесуде де мықты болады, сол үшін де мен жаттығу жасап жатырмын.
Өткен жылғы кездесу жайлы: Бірінші жекпе-жектен көп нәрсе ұқтым. Мен оны нокаутқа түсіре алатынымды және ауыртпалық түсіретінімді білдім. Сол жекпе-жекте мен бірінші рет 160 фунтта бірінші рет өнер көрсеттім, сол себепті де маған бейімделу керек болды. Ендігіде мен өзіме сенімдімін.
Бірінші жекпе-жекте он шақты рет көрдім. Соққы жіберіп алғанымды және қандай қателіктер жібергенімді көрдім. Мен соққы қабылдап контршабуылдау мүмкіндігін пайдаланбадым. Осы жерде мен басымдырақ болуым керек. Соққы жасау үшін кез келген сәтті пайдалану қажет, ал мен болсам жіберіп отырдым. 15 қыркүйекте мүмкіндіктерді жібермеймін.
Реванш жайлы: Бірінші раундтан бастап мен оны нокаутқа түсіруге тырысамын. Мен бұған ойша дайынмын, жаттығу да жасап жатырмын. Жекпе-жектің нокаутпен аяқталғанын қалаймын және осы мерзімінен бұрын жеңістен соң олар менің қолымды көтереді.
Трилогия жайлы: Бірінші жекпе-жектегідей біз реванштың қалай аяқталатынын көруіміз қажет. Бірінші кездесуден соң бізге міндетті түрде реванш қажет болды, себебі тең түстік және жанкүйерлер де осыны қалап отыр. Өз тарапымнан айтар болсам, мен барлығы осы жерде аяқталғанын қалаймын. Тоғыз ай бойы жаттығып келемін.
Бір жыл жекпе-жексіз өмір және допинг қателігі жайлы: "Өзімді жақсы сезінемін, бір жыл жекпе-жексіз жүргенім жұдырықтасуыма әсерін береді деп ойламаймын. Маған жаттыққан ұнайды. Белсенді боған ұнайды. Сол себепті де өзімді жақсы сезінемін. Қыркүйектен бастап мамырға дейін жұдырықтасқан жоқпын.
Мен көп нәрсені үйрендім. Шын мәнінде менің жағымда екенін білдім. Сондай-ақ, мен тәжірибе жинап, ендігі де қайталамаспын. Басты қателік - Мексикадағы еттің жағдайына немқұрайлы қарағаным.
2012 жылдан бері өз еркіммен допинг сынамасынан өтіп тұрамын. Аптасына екі-үш рет келіп, допинг сынамаларын алып тұрады. Сол жағдайдан кейін (ақпандағы допингпен ұсталу) мен кемінде 15-20 тестілеуден өттім".