"Альваресті жеңсем, Нью-Йорк королі мен боламын" - Рокки Филдинг

viewings icon 573 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Fightnews.info © Fightnews.info

31 жастағы ұлыбританиялық Рокки Филдинг (27-1, 15 KO) 15 қыркүйекте Нью-Йоркте WBA Regular белебуін мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (50-1-2, 34 КО) қорғап қалса, алдынан үлкен мүмкіндіктер ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

31 жастағы ұлыбританиялық Рокки Филдинг (27-1, 15 KO) 15 қыркүйекте Нью-Йоркте WBA Regular белебуін мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (50-1-2, 34 КО) қорғап қалса, алдынан үлкен мүмкіндіктер ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Филдинг мексикалықтың талантын мойындағанымен, дене ірілігі оған басымдық береді деген ойда.

"Жеңіске жетсем, бір сәтте Нью-Йорк патшасы және бокстағы ең атақты тұлға атанамын, - дейді Филдинг BoxingScene басылымына берген сұхбатында. - Ешкім емес едім, ал енді Madison Square Garden-дегі басты жекпе-жек. Бұл шындыққа айналған арман, менің дайындығым Манчестерде өтеді. "Канелоның" 15 желтоқсаннан кейінгі жекпе-жегі туралы көп айтылып жатыр, ол Дэнни Джейкобс, Деметриус Андраде, ағайынды Чарло немесе Каллум Смитпен Энфилд стадионында жұдырықтасуы мүмкін дейді - айта берсін. "Канело" мені көзге іліп тұрған жоқ шығар, бірақ, менің ойым басқа. "Канелоны" жесем, Энфилдте жекпе-жекті мен өткізем. Баспасөз мәслихатында алғаш кездескенде, Головкинмен жекпе-жектен бері жазылмаған жараларды көрдім. Сонымен бірге, ол сегіз фунт ет жинай алмай жатыр. Оның мықты боксшы екенін түсінем, бұл менің басты сынағым. Бірақ өзіме сенімдімін. Әйтпегенде жекпе-жекті қабылдамас едім. Бұл менің салмағым, мен оған қарағанда ірімін".

Боксшы бой мен салмақ шешуші болатынын айтады. 

"Бұл салмақта өзімді жақсы сезінемін, ал оған ет жинау қажет. Ол алғашқы орта салмақтың мықтысы еді, алайда, бұл басқа дивизион."Канело" қателік жасамайды, сол үшін оны сүріндіру керек. Қыркүйекте 12 раундты ауыр жекпе-жек өткізді де, менімен жұдырықтасу үшін дайындықты желтоқсанда бастады. Мұндайдан кейін ағза жаттығу лагерін көтере ала ма екен?", - дейді Филдинг.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
13°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю