Кіші Роберт Дауни "Кек алушылар. Альтрон дәуірі" фильмінің промо-сұхбатын үзіп тастады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Кіші Роберт Дауни. ©REUTERS Кіші Роберт Дауни. ©REUTERS

Кіші Роберт Дауни "Кек алушылар. Альтрон дәуірі" фильмінің промо-сұхбатын жеке мәндегі жағымсыз сұрақтардан кейін үзіп тастады, - деп хабарлайды Hollywood Reporter

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Кіші Роберт Дауни "Кек алушылар. Альтрон дәуірі" фильмінің промо-сұхбатын жеке мәндегі жағымсыз сұрақтардан кейін үзіп тастады, - деп хабарлайды Hollywood Reporter

Актерге оның "бұлыңғыр тарихы" туралы сұрақтар ұнамай қалған. Кіші Роберт Дауни тілшінің фильм жайлы емес, оның жеке басына қатысты мәселелерге назар аудара бастағанында абдырап қалады. "Шын мәнінде өте өкінішті, мен шын мәнінде - біз не істеп отырмыз?", - деді кіші Дауни. Бұдан кейін "Кек алушылар. Альтрон дәуірі" фильмінің актері микрофонын алып тастап, студиядан кетіп қалады.

Осыған дейін "Кек алушылар. Альтрон дәуірі" фильмінің 1 мамырда шығатыны хабарланған болатын және тарихта прокат бойынша ең көп қаржы жинайтыны айтылды. Болжам бойынша, картина алғашқы демалыс күндері 210 миллион доллар жинауы керек. Осылайша, суперқаһармандар жайлы фильм Marvel компаниясының туындылары ішінде рекорд жаңартуы керек болған. 

Еске салайық, "Кек алушылар. Альтрон дәуірі" фильмі қазақ тіліне дубляждалды. Қазақ тіліне аударудың продюсерлік жұмыстарын Тимур Балымбетов өзіне алды. Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова актриса Скарлетт Йоханссонның дауысын салды. Сонымен қатар, қазақ тіліне аударуда қазақстандық актерлер еңбек етті Жасұлан Байсалбеков (Альтрон), Бейбіт Камаранов (Тор), Ержан Жарылқасынов (Тони Старк - Темір адам), Ерғали Төлебаев (Америка капитаны), Бақытжан Жармұхамбетов (қыран көзі) және Самат Қордабаев (Халк). Дубляжға Бағанашылдағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері де қатысты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro