17 сәуір 2019 12:54

Ақтөбеде зират қоршауын ұрлаған күдікті ұсталды

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысында зираттардан қоршауларды ұрлаған күдікді ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында зираттардан қоршауларды ұрлаған күдікді ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

16 сәуірде полиция қызметіне Кірпішті ауылы аумағында орналасқан зират меңгерушісі хабарласып, белгісіз азаматтың металл қоршауды ұрлап кеткенін айтқан.

Реклама
Реклама

"Жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыру барысында учаскелік полиция инспекторлары металл қабылдау орындарын тексерді және осы қабылдау орындарынан аталған қоршаулар табылды. Металл қабылдау орны қызметкерінің айтуынша көлікпен келіп, қоршауларды тапсырған", - дейді Ақтөбе қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Кейін учаскелік полиция инспекторлары бақылау камералары арқылы автокөлікті анықтап, осы қылмысты жасаған күдіктіні ұстаған.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram