28 қыркүйек 2017 | 13:52

Балқаштағы жаппай зорлау оқиғасы: Жалған куәлік берген куәгер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқашта жаппай зорлау құрбаны болған әйелдің құрбысы сотта жалған куәлік бергені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Балқашта жаппай зорлау құрбаны болған әйелдің құрбысы сотта жалған куәлік бергені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Балқаш қалалық сотында жаппай зорлау құрбаны болған Нұргүл Құсылбекованың ісі бойынша процесс жалғасып жатыр. Сот отырыстарының бірінде қылмыс куәгері болған құрбысының қылмыстық істің тергеуі басталғалы бері жалған куәлік беріп келгені анықталды. Нақтырақ айтсақ, ол сотқа Құсылбекованың зорланғанын және соққыға жығылғанын білмейтінін айтып, сондай-ақ, сотталушыларға қатысты жалған куәлік берген. 

Сотта куәгер әйелдің өтірігі ашылған. Ол жалған куәлік берсе жазаланатыны жайлы білген. Өтірігі ашылғаннан кейін ол прокурормен кінәсін мойындау туралы келісімге келген. Судья оны шарты мерзімге бас бостандығынан айырды.  

"Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 420-бабының 2-бөлігінде қарастырылған заңбұзушылықты жасады деп танылсын және бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылсын. Сотталуға ҚР "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңының (13.12.2016 жылғы № 27-VІ) 4-бөлігінің 2бөлігінің 1-тармағы қолданылып, жазаның өтелмеген бөлігін жартысына дейін қысқартып, 2 жыл 6 ай жаза мерзімі тағайындалсын. Қылмыстық кодектің 63-бабының 1-бөлігінің негізінде жаза шартты деп танылсын", - деп оқыды судья Жанділдина.

Мұнымен қатар, сотталушыға жаза мерзімі бойына пробациялық бақылау бекітілді. Ол тұрғылықты мекен-жайын және жұмыс орнын ауыстыра алмайды. Көңіл көтеру мекемелеріне бармауға, алкоголь қолдануға, мемлекеттік органның уәкілінен рұқсатсыз Балқаш қаласынан шықпауға міндеттелді.

Ал жаппай зорлау дереі бойынша сот тыңдауы жалғасып жатыр. Процесс БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз жабық тәртіпте өтіп жатыр.

Еске салайық, бұл оқиға 2016 жылдың тамызында Балқаш қаласында болған. Нұргүл Құсылбекованың айтуынша, екі ер адам оны зиратқа апарып, кезекпен зорлаған және күрекпен ұрған. Мұнымен қоймай қаскөйлер оған ор қаздырған. Әйел, абырой болғанда, аман қалып, полицияға арыз жазған. Алайда заттай айғақтардың толық болуына қарамастан іс бастапқыда созылып, кейін тіпті тоқтатылған. Жәбірленушінің айтуынша, оған істің тоқтатылғаны жайлы ешкім хабар бермеген. Сотқа дейінгі тергеу материалдарының бір бөлігі "ғайыпта"н жоғалып кеткен. Ал оның құрбысы бұл қылмыс жайлы біле тұра, жалған куәлік беріп, күдіктілерді жазадан құтқармақ болған. Зорлау оқиғасынан кейін бірнеше ай өткенде қылмыстық іс тоқтатылған. Тек БАҚ-тарда "Не молчи" қоры арқылы осы оқиға жария болғаннан кейін ғана іс қайта жанданып, тергеу басталған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети