Қарағанды облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес жөніндегі басқарманың қызметкерлері модельдік агенттіктің 21 жастағы директорын ұстады, ол бойжеткендерді интим қызметін ұсынуы үшін шетел асырған. Полицияның мәліметінше, ондаған қыз шетелге кетіп, сексуалдық қызмет ұсыныпты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.

"Директор әйел Қарағандының қыздарын Біріккен Араб Әмірліктері мен Бахрейнге жіберумен айналысты деген жедел мәліметті алғаннан кейін тексеріс барысында ұсталды, қыздар шетелде модель бизнесімен емес, сексуалдық қызмет ұсынумен айналысқан", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Ұсталған азаматшаның 16-22 жас аралығындағы қыздардың бірін қорқытып, ал тағы бірін қыруар ақша беремін деп қызықтырып, осы іспен айналысуыға мәжбүрлегені хабарланып отыр. Қазіргі уақытта полицейлер 17 қыздың аты-жөнін анықтады. Олардың жартысы әлі күнге елге оралмаған. Алайда зардап шеккен қыздар одан да көп болуы мүмкін, себебі құқыққорғаушыларға бұдан да көп қыздың шетелге кетіп қалғаны жайлы мәлімет келіп түскен.
"Айта кетейік, шетел асқандардың ең кішісі 15 жаста. Ол шетелге шешесінің берген сенімхаты арқылы кеткен, ал директор оның шешесіне жетекші сән үйлерінің біріне арналған фотосессияға түсіретінін айтып, алдаған", - деп хабарлады полицейлер.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, зардап шеккен қыздардың отбасылық жағдайлары жақсы екен, бірақ ұсталған азаматша оларды сән көрсетілімдеріне апаратынын айтып, алдапты. Қыздар болса өз кезегінде шетелге кететіндерін ата-аналарына айтпай, жасырып қалған. Олар ата-аналарына Қазақстан қалаларына фотосессиялар мен сән көрсетілімдеріне баратындарын айтыпты. Олардың шетелге кетуіне барлық билет пен құжаттарын агенттіктің директоры алған.
"Ұсталған азаматшаға қатысты ҚР ҚК 128-бабының 3-бөлігі "Адам саудасы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.