Сот Қайрат Сатыбалдыұлының қаңтар оқиғасына "қатысы" туралы пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот Қайрат Сатыбалдыұлының қаңтар оқиғасына "қатысы" туралы пікір білдірді Фото ©Tengrinews.kz

Астана соты Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты үкім шығарды. Мемлекеттік мекеме оның Қаңтар оқиғасына қатысы бар-жоғына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана соты Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты үкім шығарды. Мемлекеттік мекеме оның Қаңтар оқиғасына қатысы бар-жоғына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 қыркүйекте Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Қайрат Сатыбалдыұлын "Көлік сервис орталығы" АҚ мүлкін жымқыру және "Қазақтелеком" АҚ-на мүліктік залал келтіру дерегі бойынша алты жылға бас бостандығынан айырды.

"Кейбір БАҚ мәліметінше, Сатыбалдыұлының Қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы болуы мүмкін. Алайда оған тергеудің бұл бөлігі бойынша ешқандай айып тағылған жоқ", - деп түсіндірді баспасөз қызметі өкілдері. 

Сот өз шешімін былай түсіндірді:

  • жеңілдететін мән-жайлардың болуы;
  • ауырлататын мән-жайлардың болмауы;
  • қылмыстық құқықбұзушылықтарды ашудағы белсенді ролі;
  • кінәсін мойындау;
  • залалды өтеу;

Сатыбалдыұлының белсенді ролі және қалған қатысушылардың қылмыстарды ашудағы қосалқы ролі.
Еске салайық, бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты сот үкімі шығып, ол алты жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлаған едік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети