06 қараша 2019 17:59

Министрлік дәрі-дәрмектің қымбаттауына қатысты хабарлама туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова Energyprom.kz мониторинг агенттігі ұсынған дәрі-дәрмек бағасының 8 пайызға қымбаттауын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл тек бағам айырмасы болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tegrinews.kz тілшісі. 

Energyprom.kz мәліметінше, 2019 жылы қыркүйекте дәрі-дәрмек бағасының өсімі 8,2 пайызға жеткен, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 7 пайызға тең болған еді. Негізінен витаминдер - 11,4 пайызға, анальгетиктер - 10,6 пайызға, сондай-ақ корвалол және антибиотиктер - 9,3 пайызға қымбаттаған. 

79 пайыз дәрі-дәрмек Қазақстанда сатылымның бөлшек саудасы арқылы жүргізіледі, яғни тұрғындар өз қаражатына дәріханадан тұтынады. 

"Негізінде барлық баға бұрынғыша қалды. Мұны қай негізге сүйеніп мониторинг жүргізгені түсініксіз, бәлкім бағам айырмашылығын негізге алған болар. Жалпы дәрі-дәрмек бағасы бізде тұрақталды. Бағаның өскені туралы шағым түскен емес", - деді Людмила Бюрабекова.

Оның айтуынша, мемлекет 7800 дәрінің 3900 дәрі-дәрмегін атауы бойынша бағаны реттеп отырады. Қалған дәрілердің құжаттары бойынша желтоқсанға дейін жүргізіледі. 

Айта кетейік, 2020 жылы балаларға берілетін барлық дәрі-дәрмек әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети