24 наурыз 2017 | 13:29

Алматы облысында екі көлік соқтығысып, сегіз адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ivest.kz © Ivest.kz

Алматы облысында Құлжа тасжолында екі көліктің соқтығысуынан сегіз адам мерт болып, тағы бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға наурыздың 23 наурызға қараған түні болған. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында Құлжа тасжолында екі көліктің соқтығысуынан сегіз адам мерт болып, тағы бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға наурыздың 23 наурызға қараған түні болған. 

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқиға Еңбекшіқазақ ауданының "Қазақстан"ауылының маңында болған. Тасжолдың 80-ші шақырымында Nissan Primera және Toyota Vista көліктері соқтығысып, жеті адам оқиға орнында мерт болды. Тағы бір адам ауруханаға барар жолда көз жұмған. Тірі қалған жолаушы Есік қаласының ауруханасына жеткізілді. 

"Бұл жағдайға байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабының 4 тарауы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Іс облыстық анықтау басқармасында. Керекті сараптамалар тағайындалды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Алдын ала болжам бойынша, Nissan Primera қарсы бағытқа шығып кеткен.

Сондай-ақ, куәгерлер жол апатынан қаза тапқандардың ішінде екі баланың болғанын айтады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети