03 қаңтар 2019 09:27

Астанадағы ҚазҒЗИ аумағында жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәрсенбі кешке ҚазҒЗИ аумағында өрт болды, оның салдарынан газы бар резервуар жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Сәрсенбі кешке ҚазҒЗИ аумағында өрт болды, оның салдарынан газы бар резервуар жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақжол, 26 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабар 101 номеріне сағат 19.44-те келіп түскен. Бес минуттан кейін өрт сөндіру қызметінің кезекшілері сол жерге жетті.

"ҚазҒЗИ аумағында 40 шаршы метр болатын ағаштан жасалған шаруашылық ғимаратының өртеніп жатқаны анықталды, сонымен қатар, газдың шығуы салдарынан оны толтыруға арналған ыдыс жанған. Өртті сөндіру кезінде өртсөндірушілер 25 газ баллонын алып шықты", - деді Астана ТЖД өкілдері.

Іnstagram желісіндегі vastane.kz паблигінде оқиғаның видеосы пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, көлемі бес текше болатын газ толтырғыш резервуар өртенген. Біраз уақыттан кейін жарылыстың дыбысы естілген.

Құтқарушылардың мәліметінше, өрт сағат 21.30-да ауыздықталды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге бес техника мен 31 адам жұмылдырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети