Қарағанды облысында полиция асыранды әпкелі-сіңілі қыздарды сабау дерегі бойынша түскен шағымға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысында полиция асыранды әпкелі-сіңілі қыздарды сабау дерегі бойынша түскен шағымға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қыздар оқитын мектеп мұғалімдерінің сөзінше, екеуі сабаққа жиі үсті көгеріп келеді.
Қамқоршылық органдарының мәліметі бойынша, бес және алты жастағы әпкелі-сіңілі мен олардың төрт жастағы інісін бір жарым жыл бұрын асырап алған. Оларды Нұркен Әбдіров атындағы ауылда тұратын отбасы қамқорлыққа алған. Жарты жылдан кейін олар балаларды ресми түрде бала қылып алды. Осы уақыттан бастап ауыл тұрғындары балалардың денесінде көгерген іздер пайда бола бастағанын айтады.
"Кішісі мектепке дейінгі сыныпта, ал үлкені биыл бірінші сыныпқа келген. Мектепке дейінгі сынып тәрбиешісі бірінші байқады. Аналарынан сұрағанда қыздар өзара төбелеседі деп жауап берген. Кейін тағы бірнеше рет көгерген іздер байқалды, суретке түсіріп алдық. Ата-анасынан түсініктеме жазуын сұрадық, бас тартты. Жиналысқа шақырып, хаттама толтырдық. Осыдан кейін тынышталғандай болды да, біраз уақыттан соң қайта басталды", - дейді мектеп директоры Қымбат Жиенқұлов.
Ал анасы қыздардың денесіндегі көгерген іздермен мектептен келетінін, оларды өз баласындай сүйетінін айтады. Әйелдің сөзінше, былтыр ол үлкен қызын хирургке апарып, тексерткенін айтады. Сол кезде тексеріс қағазын да қолына алған. Бірақ полицияға ол кезде бармаған, өйткені сол кезде тірі болған күйеуі қарсы болыпты.
Қарқаралы ауданының қамқоршылық органы өкілдері осы уақытта балаларды отбасынан алып, жасөспірімдерді бейімдеу орталығына орналастырылғанын айтады.
"8 ақпанда Теміртаудағы Бейімдеу орталығына орналастырылды. Қазір сонда. Қазір аудандық білім беру басқармасы ата-ана құқықтан айыру туралы арыз берді. Қылмыстық іс те қозғалды. Сот шешіміне қатысты балардың қайда болатыны анықталады", - дейді Қарқаралы ауданы Білім басқармасының қамқорлық және қорғау жөніндегі бас маманы Айдана Әбішева.
Полиция қызметкерлері бұл дерекке қатысты тергеу жүргізіп, қыздарды кім соққыға жыққанын анықтап жатыр. "Бұл дерек СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 140-бабының 2-тарауы бойынша тіркелді. Тергеу жүріп жатыр", - дейді Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Жанатай Сембеков.