28 ақпан 2021 09:32

Түркістанда төрт баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында жекеменшік үйден төрт бала мен олардың анасының өлі табылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысында жекеменшік үйден төрт бала мен олардың анасының өлі табылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанда болған бес адамның өлімі себептерін анықтау үшін комиссия отырысын өткізді.

Полиция және төтенше жағдайлар департаментіне жан-жақты тергеу жүргізіп, оқиғаға кінәлі адамдарды табу және жазалау тапсырылды. Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Денсаулық сақтау басқармасының психологтары қаза тапқандардың туыстары мен достарына көмек көрсетеді, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек беріледі", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сондай-ақ, 28 ақпанда сағат 11.00-де барлық мүдделі орган қатысатын баспасөз конференциясын өткізу жоспарланды.

Айта кетейік, 27 ақпанда бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды. Қайтыс болған балалардың анасы 1980 жылы туған, балалары 2004, 2006, 2013 және 2016 жылғы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети