"Астана" футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты

viewings icon 775 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© fca.kz © fca.kz

"Астана" футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты, деп хабарлайды Vesti.kz. Кипрдің АПОЭЛ командасына қарсы өткен қарымта ойында елордалық команда қарсыластарын кездесу соңындағы пенальти сериясында ұтты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Астана" футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты, деп хабарлайды Vesti.kz. Кипрдің АПОЭЛ командасына қарсы өткен қарымта ойында елордалық команда қарсыластарын кездесу соңындағы пенальти сериясында ұтты.

Ойынды елордалық команда шабуылмен бастады. Қарсыластар қорғана жүріп ойнауға көшті. Сондай сәттердің бірінде Марин Томасовтың тепкен добы Карлаоның қолына тиді. Бас төреші Якоб Кехлет ереже бұзылғанын аңғарып, пенальти белгіледі. 11 метрлік соққыдан Педро Энрике мүлт кеткен жоқ. Доп Ватерманн қорғаған қақпа торында тулады.

Екінші таймда есепті теңестіруге тырысты. "Астана" ойыншылары да аянып қалмады. 56 минутта Ричард Алмейданың тепкен добын АПОЭЛ қақпашысы қайтарып үлгерді. Ал 70 минуттан аса қонақтардың шабуылда қарқыны артты. Ненад Эричтің қақпасына жиі шабуылдаумен болды.

Негізгі уақыт аяқталар тұста елордалық команда ойыншыларының қарымта шабуылы жергілікті жанкүйерлерді желпіндірген. Алайда гол соғылмады. Ойын 1:0 есебімен аяқталып, командалар топтық кезеңге шыққан команданы экстра-таймда анықтауға аттанды.

Бірінші экстра-таймда қонақтар шабуылдаумен болды. "Астана" қорғаныста ойнады. Ал 115 минутта Педро Энрикенің артқа берген пасы сәтсіз болып, қонақтар гол соғуға аз қалды. Ненад Эрич алға шығып, допты қайтара білді. 1:0 есебі сақталып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.

Пенальти сериясында "Астана" қақпашысы Ненад Эрич ерледі. Екі бірдей пенальтиді қайтарып, командасын алға сүйреді. Қонақтардың екі ойыншысы допты қиыс тепті. Нәтижесінде 2:1 есебімен "Астана" жеңіске жетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro