Криштиану Роналду егіз баласын көрсетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© twitter.com/Cristiano © twitter.com/Cristiano

Португалия құрамасы мен мадридтік "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду егіз баласын көрсетті, - деп хабарлайды LIFE.ru

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Португалия құрамасы мен мадридтік "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду егіз баласын көрсетті, - деп хабарлайды LIFE.ru

Балалар маусым айының басында дүниеге келген. Ал кеше Роналду Конфедерация кубогының қарсаңында екі баласы дүниеге келгенін растаған болатын.

Кеше Роналду Ресейде өтіп жатқан Конфедерация кубогының жартылай финалында Чили құрамасына қарсы ойнады. Ойынның негізгі және қосымша уақыттары 0:0 есебімен тең аяқталды. Сөйтіп, матч соңындағы пенальтиде Португалия құрамасы 3:0 есебімен жеңіліп, турнирдің финалына шыға алмады.

Осы ойыннан кейін Роналду келесі ойынға қатыспайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол матчтан соң турнир алдында екі ұлының дүниеге келгенін хабарлады.

"Дүниеге екі ұлымның келгеніне қарамастан Ұлттық құрамамыздың Конфедерация кубогында сәтті өнер көрсетуі үшін бар күшімді салдым. Өкініштісі біз алдымызға қойған мақсатқа жете алмадық. Бірақ алдағы уақытта португалиялық жанкүйерлерді әлі талай қуантамыз деген сенімдемін. Ойыннан кейін Португалия футбол федерациясының президенті мен құраманың бас бапкері маған жантебірентер сөз айтты. Бұл ешқашан менің есімнен шықпайтын шығар. Ұлдарыммен бірінші рет кездесетініме өте қуаныштымын", - делінген Роналдудың Фейсбукта жасаған мәлімдемесінде.

Мұның алдында Криштиану Роналду егіз баланың әкесі атанғанын, оған балаларды суррогат ана босанып бергенін Португалияның SIC телеарнасы хабарлаған болатын. БАҚ мәліметі бойынша, 8 маусымда дүниеге келген қыз бен ұлға Матео және Ева деген есімдер берілгені айтылған еді.

Ол кезде футболшының өзі және оның өкілдері бұған қатысты пікір білдірген жоқ. Алайда көптеген португал және испан БАҚ-тары осы жаңалықты таратып жатты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro