28 жастағы теміртаулық төрт әйелге ЖИТС жұқтырған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
t-l.ru t-l.ru

28 жастағы теміртаулық төрт әйелге ЖИТС (ВИЧ) жұқтырған. Зардап шеккен келіншектердің біреуі Қарағанды облыстық ЖҚТБ (СПИД) орталығының көмегіне жүгінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

28 жастағы теміртаулық төрт әйелге ЖИТС (ВИЧ) жұқтырған. Зардап шеккен келіншектердің біреуі Қарағанды облыстық ЖҚТБ (СПИД) орталығының көмегіне жүгінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бізге 19 жастағы келіншек келді. Ол ЖИТС ауруына тест тапсырып және тесттің нәтижесі оң болғаны анықталды. Істің мән-жайды анықтаған кезде келіншек ер адам жұқтырғанын айтты. Ол ер адаммен әлеуметтік желіде танысқан. Қыз ұлды ұнатып қалып, желі арқылы араласа бастаған. Алайда, кездескен кезде ер адам жәбірленушіні жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Кейін зардап шеккен өзін жайсыз сезініп бізге келді", - дейді Қарағанды облыстық ЖҚТБ-ға қарсы күрес және алдын алу орталығының баспасөз қызметінің өкілдері. 

ЖҚТБ-ға қарсы күрес және алдын алу орталығындағы мамандар эпидемиологиялық сараптама ісін жүргізген. 

Сараптама барысында жәбірленуші зорлаған ер адам жайлы айтып, әлеуметтік желіде сөйлескен хабарламаларын көрсеткен. Орталықтың мамандары ер адам ЖИТС ауруын жұқтырып алғанын, тіркеуде тұрғаны анықталды. Сонымен қатар, ЖИТС инфекциясын жұқтырған ер адам басқа да, келіншектерді жұқтырғанын айтты. Күдікті тағы үш әйелді жұқтырған деп болжанып жатыр. Алайда, жәбірленушілер не медициналық, не басқа да көмек сұрап келмеген екен.

"Барлық зардап шеккендер 30 жасқа дейінгілер. Бізден көмек сұрап келген жәбірленуші 19 жаста. Ол осыған дейін жыныстық қатынасқа түспегенін және ер адам зорлап кеткенін айтып отыр. Зардап шеккен әйелдер полицейлерге еш арыз жазбаған. Біздің мамандар ҚР заңнамасына сәйкес күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 118-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғау үшін полицияға арызданды. Барлық материал полицейлердің қолына тапсырылды. Себебі, күдікті ЖИТС ауруына шалдыққанын біле тұра, келіншектермен жыныстық қатынасқа түскен. Одан бөлек біздің барлық пациентіміз тіркеуден өткен кезінде, ЖҚТБ инфекциясының таралуына себепкер болған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік тартылатынын түбіртекті түсіндіреміз. Қыздар мен келіншектерге әлеуметтік желіде танымайтын ер адамдармен кездесу қауіпті екенін айтқымыз келеді", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro