Алматы облысы полициясы 20 жастағы студент Айзада Авлатарованың ұрлануына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ІІД хабарлады.
Алматы облысы полициясы 20 жастағы студент Айзада Авлатарованың ұрлануына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ІІД хабарлады.
"Қыздың жоғалуына байналысты түрлі нұсқа қарастырылып жатыр. "Адам ұрлығы бабына сәйкес сотқа дейінгі өндіріс басталды. Алматы облысы ІІД қызды іздеуге көмектесіп жатқан ауыл тұрғындарына алғыс айтады. (...) Өкінішке қарай әзірше ешқандай нәтиже жоқ. (...) Интернетте пайда болған ақпараттарды тексереміз", - деп хабарлады ІІД.
Еске сала кетейік, 20 жастағы студент қыз 3 желтоқсанда жоғалып кеткен болатын. Айзада көрші Өтеген батыр ауылындағы (қыздың үйінен 25 шақырымдағы) оқуына бару үшін таксиге отырған. Дегенмен ол тиісті жеріне жетпеді. Қыздың үстінде сол күні қара күрте, көк шалбар мен қызғылт орамал болған.
Қыздың атасы Руслан мен туысы Гүлзара Айзаданың экономика және құқық колледжінде оқитынын айтты. Айзада жолда досына хабарласып, жүргізушінің оны Қапшағай жаққа апарғанын айтқан. Сонымен қатар, әңгіме барысында ол қатты қорқатынын бірнеше рет қайталап айтыпты. Кейін қыз бірге оқитын құрбысына хабарласып, колледжге бес минуттан соң келетінін жеткізген. Дегенмен ол сол күйі барған жоқ. Қыздың телефоны өшірулі.