ПОДЕЛИТЬСЯ
07 желтоқсан 2018 | 12:59
Алматыда Бутаковкадағы жер мемлекетке қайтарылды
Алматыда Бутаковкадағы жер мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда Бутаковкадағы жер мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Учаске аумағы - 13,5 гектар. Бұл жер ерекше қорғаудағы табиғи аймақ болып табылады. 2005 жылы қала әкімшілігі "Asia Construction" ЖШС-ға берілген, алайда олар "IROM Construction Group" ЖШС-ға сатып жіберген.
"Алматы прокуратурасы мемлекет мүддесі үшін жер телімінің әкімдік тарапынан бірінші ЖШС-ға берілгені туралы және оны үшінші тарапқа сатып жібергені туралы арыз берді. Қаланың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, содан кейін апелляциялық және каасациялық инстанциялар прокуратураның арыз қолдамады", - деді прокуратура өкілдері.
Бас прокурор Жоғарғы сотқа шағым түсірді, соның нәтижесінде сот актілерін бұзып, прокурордың арызын қанағаттандырды.
Показать комментарии
Читайте также