19 желтоқсан 2018 | 16:50

Алматыда энергия жинақтайтын жарық шамдары 200 көшеге орнатылып жатыр

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Жайлы әрі қауіпсіз қала кеңістігін қалыптастыру мақсатында жарық көздерін жаңарту және мегаполистің айшықты ғимараттарына архитектуралық нұрландыру жұмыстарын жүргізу одан әрі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жайлы әрі қауіпсіз қала кеңістігін қалыптастыру мақсатында жарық көздерін жаңарту және мегаполистің айшықты ғимараттарына архитектуралық нұрландыру жұмыстарын жүргізу одан әрі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында келер жылдан бастап 1375 шақырым сыртқы жарық желісін немесе 45 мың шамдар мен 42 мың бағаналарды жаңарту жоспарланған. Қазірдің өзінде газбен зарядталған жарық көздері жаңа диодты шамдарға ауыстырылуда, қаланың барлық аудандарында 200-ден аса көшеге сыртқы жарықтың жаңа желісі тартылады.

Реклама
Реклама

Тек қайта жаңарған Абай, Абылай хан және Назарбаев даңғылдарында диодты шамдары бар 700-ден аса бағана ауыстырылды. Айта кетейік, жарық көздері қаланың орталығында ғана емес, екінші деңгейлі көшелерінде де қолға алынған. Мысалы, Алатау ауданының - 33, Әуезов ауданының - 64, Түрксіб ауданының - 39, Бостандық ауданының - 12, Наурызбай ауданының - 8, Жетісу және Медеу аудандарының әрқайсысының 32 көшелерінің жарық желілері жаңарды.

Қайта жаңарған 1400 аулаларға да жаңа жарық көздері орнатылды. Келер жылы тағы 600 аула жарықтандырылады және абаттандырылады.

Еске салайық, жаңа диодты шамдар энергияны үнемдейді, бұларда залалды заттар жоқ, мықты әрі жарықты жақсы береді. Диспетчерлік қызметтің жұмысын жандандыру, басқару жүйелерінде сөніп қалуды болдырмау әрі бір команда бойынша қалада жарықты бір мезгілде беріп, өшіретін бағдарлама жасалды.

Қаланың айшықты ғимараттарын жарықпен нұрландыру жалғасуда. Түнгі нұрландыру арқасында Қазақ-неміс университетінің нысаны ерекше көрінетін болды.

Бұрындары бірыңғай архитектуралық стильді қалыптастыру барысында қаланың 130-дан аса ғимарттары, нысандары, ландшафтары түнгі нұрға бөленді. Олардың арасында Республика Сарайы, Тәуелсіздік Монументі, Даңқ Мемориалы, Көктөбе телемұнарасы, Абай атындағы МАТОБ, Әуезов және Лермонтов театрлары, Қастеев музейі, Ықылас атындағы халық аспаптары мұражайы, Орталық мешіт, Свято-Вознесенск кафедралды соборы, "Қазақстан" қонақ үйі бар. Барлық жобалар бюджеттен тыс қаржы есебінен жүзеге асуда.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram