13 сәуір 2017 09:31

Әнші Сиви Махмудидің Алматыдағы лаундж-барына миллион теңгеден аса айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сиви Махмуди. © brod.kz Сиви Махмуди. © brod.kz

Алматыда жергілікті тұрғындар бірнеше мәрте шағым түсіргеннен кейін лаундж-бардың иесіне әкімшілік жаза тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда жергілікті тұрғындар бірнеше мәрте шағым түсіргеннен кейін лаундж-бардың иесіне әкімшілік жаза тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы әкімдігі "Sivi" Lounge Bar-ының үстінен сотқа арыз түсірген. Алматы қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Бостандық ауданындағы Әуезов 128, № 20 пәтер мекенжайындағы құрылыс иесінің үстінен арызданған. 

Ал осыған дейін лаундж-бардың басшысы мекеменің шын мәнінде әнші Сиви Махмудидің иелігінде екенін растаған еді. Оның айтуынша, мейрамхананың рұқсат қағазы болған. 

"Тексеріс кезінде, пәтердің қайта жабдықталғаны, № 20 пәтердің және №16 тұрғын үйдің адам тұрмайтын алаңын бөлме аралық қабырғаларын демонтаждау жолымен өзгертілгені белгілі болды", - делінген хабарламада. 

Осы дерек бойынша кәсіпкер айыпты деп танылып, 520 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 1 179 880 теңге сомасында айыппұл салынған. 

"Сонымен қатар, 2017 жылдың 3 сәуірінде Басқарма Бостандық ауданындағы №20 пәтерге заңсыз енгізілген құрылыс өзгерістерін сүру туралы Алматының аудадық сотына арыз түсірді", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети