11 тамыз 2020 20:25

Баланы зорлық-зомбылықтан құтқару. Сарапшылардың кеңесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сарапшылар i-balaqai talks арнайы жобасында баланың құрбан болу қаупін қалай азайтуға болатынын, сондай-ақ балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылық мәселесін үйде ғана емес, көшеде де, интернетте де шешу жолдарын ұсынды. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.


Сарапшылар i-balaqai talks арнайы жобасында баланың құрбан болу қаупін қалай азайтуға болатынын, сондай-ақ балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылық мәселесін үйде ғана емес, көшеде де, интернетте де шешу жолдарын ұсынды. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - "Қазақтелеком" АҚ. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. i-balaqai talks - байланыс орнатудың жаңа форматы.

"Қазақстанның дағдарыс орталықтарының одағы" заңды тұлғалардың бірлестігінің төрайымы Зүлфия Байсақова 150 - балалар мен жастарға арналған ұлттық телефон желісі туралы айтып берді. Операторлар тәулік бойы қызмет көрсетуге дайын. Ай сайын шамамен 16 мыңнан 19 мыңға дейін балалардың құқығы бойынша қоңырау түседі, 6 мыңға жуық қоңырау балаларға зорлық пен зәбір көрсету бойынша түседі. 

"Бізде бұл мәселені үйлестіретін мемлекеттік орган жоқ. Бізде Балаларды қорғау бойынша комитет бар, оны Білім және ғылым министрлігі басқарада немесе сол жүйеде орналасқан, сондықтан басқа да мемлекеттік құрылымдардың қызметін біріктіре алмайды. Бұл Қазақстандағы негізгі проблемалардың бірі шығар. Екіншіден, сол комитеттерге тән стратегиялық жоспарлар орындалмайды. Себебі олар көбіне декоративтік қызмет атқарады. Бірақ олар балалардың қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді шешпейді", - дейді маман. 

Оның айтуынша, мемлекеттік саясатты өзгерту керек. 

"Біз либерализациялаумен, гуманизациямен ойнақтап кеттік. Бізде тұрмыстық зорлық жасағандар жазаланбайды. Кез келген агрессор ол әдейі жасап отырғанын, ол үшін жауапкершілік жоқ екенін түсінеді. Құқықтық елде оған жаза қалай тағайындалады: "Сол ескертуді жасауға қанша адам қатысатынын қараңыз. Сен құқық бұзушылық жасадың, біз саған ескерту жасаймыз" дейді. Ол учаскелік полицей, жәбірленушінің оңалуына көмектесетін қызмет, сот, ол бәрі біздің, салық төлеушілердің ақшасы", - дейді Зүлфия Байсақова. 

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Николай Негай ересектер зорлық-зомбылықтың алдын алуға жақындайтын әдіс нақты болуы керек деп санайды.

"Мысалы, ол бөтен көлікке жақындаған кезде біз: "Бөтен адамның көлігіне жақындама!" деп айтамыз, дүкенге немесе подъездге кіргенде: "Жақындама, кірме!" деп айтамыз. Бұл нақты шаралар - симптоматикалық емдеу - басы ауырса, анальгин береміз, ауруды, организмді толық емдемейміз", - дейді ол. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы зорлықты қасақана жасау деп түсіндіреді. Яғни, қандай да бір әрекетті қасақана жасау, бұл жағдайда физикалық күш немесе билік, жалпы билеу емес, тек үлкеннің кішіні басқаруы, ересектің баланы басқаруы. 

Сонымен қатар, ұйым дүние жүзіндегі халықтың 62 пайызы өмірінде бір рет болсын зорлық көргенін айтады. Алайда, Николай Негайдың сөзінше, бұл одан да көп болуы мүмкін, себебі бұл тізімге зорлық туралы ашық айта алғандар ғана кірген. 

"Мынаны түсіну керек: бұл - аксиома, зорлық ешқашан өз-өзінен тоқтамайды. Оны тоқтату керек", - дейді маман.

Montessori Qazaqstan қоғамдық қорының құрылтайшысы Ерұлан Құсайынов ата-ана мен бала арасындағы сенім туралы айтты. Оның айтуынша, сенімнің болмауы - балалардың зорлық құрбаны болуына әсер ететін себептің бірі. 

"Технологиялардың мүмкіндігі жағынан қарастырсақ, әрбір балаға GPS-трекер тағып қойсақ болады. Бірақ мен, әке ретінде, оған қарсымын, себебі ол баланың жеке құқығына қайшы келеді. Біз баланы бақылап, оған қамқорлық көрсететінімізді айтқан кезде, іс жүзінде басқаша әрекет етеміз. Баланың жеке шекаралары жойылады, ол өзіне жауап бермейтін болады, оған сенбейтінін түсінеді", - дейді ол. 

Оның айтуынша, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ең өткір үш мәселе бар-жыныстық зорлық-зомбылық, кибербуллинг және тұрмыстық зорлық-зомбылық.

"Патологиялық және жағдайға байланысты қылмыскерлер болады. Патологиялық қылмыскерлер құрбандарын сезеді. Олар балаға сұрақты тігінен қояды да бала өзін қалай ұстайтынын бақылайды. Ал оған көбіне өзіміз себеп боламыз, мысалы, балалар бізді тыңдамай, ашуымызға тиген кезде біз не істейміз? "Мен саған аузыңды жап дедім!" дегенде бала не істейді? Ол аузын жабады, кейін де солай болады. Сосын оған лифтте не көшеде қылмыскер келгенде бала жылай бастайды, "Аузыңды жап" деген кезде, бала өзінің санасын бұғаттап, аузын жабады", - дейді маман. 

"Ангел" балалар қауіпсіздігі орталығының басшысы Зарина Жұмағұлова балаларды интернет кеңістігінде қандай қауіп күтіп тұрғанын айтты. Кибербуллинг баланың өз-өзіне қол жұмсауына себеп болуы мүмкін немесе оны мүлде өзгертіп жіберуі мүмкін. 

"Интернет арқылы бала туралы ақпарат алып, манипуляция жасап, бақылауға болады. Ол үшін жүйеге ерекше шабуыл жасаудың қажеті жоқ, тек метадеректер бар суретті ариялай салса болғаны. Сол арқылы баланың қайда жүргенін анықтауға болады", - дейді маман. 

Жеке ақпаратты қолды қылған қаскүнем балаға қоқан-лоқы көрсетуі мүмкін, ал ол ата-анасын қорғау мақсатында төтенше шара қабылдауы мүмкін. 

Инновациялар жөніндегі бас директор, "Қазақтелеком" АҚ басқарма мүшесі Нұрлан Мейірманов қазақстандық ата-аналардың 4-5 пайызы ғана бақылауға арналған бағдарламаларды қолданатынын айтады. 

"Kaspersky Safe Kids және ESET ата-аналық бақылау деген не? Ол балаңыз қайда екенін көру мүмкіндігінен бөлек, белгілі бір сайттарды бұғаттап, девайстың жұмыс уақытын шектеп, нақты бір бағдарламалардың жұмысын тоқтату мүмкіндігі бар деген сөз. Бала бір аптада қанша уақыт девайс қолданады, қандай сайттарға кіретіні туралы статистиканы көрсете аламыз", - дейді ол. 

"Қазақтелеком" АҚ бөлшек бизнес дивизионының сату жөніндегі басқарушы директоры Ринат Жексенов тәртіп сақшылары бақылау камераларын тек дәлел базасы ретінде емес, сондай-ақ қауіптің алдын алу және оны бақылау үшін қолдануға болатынын айтады. 

"Балаларды қоршаған орта бақылау үшін автоматтандырылған болуы керек. Оның аңду мақсатында емес, бақылау үшін. Ол механизмдер қазір қолжетімді. Видеобақылау арқылы мониторинг жасау. Біздің компания ірі жүйені құрған, жалпы 34 мыңдай камера қойылды, оның барлығы Павлодардағы дата-орталықта 30 тәлік бойы сақталады. Мәліметтерді тексеріп, қажет болған жағдайда сақтап алуға болады. Ең маңыздысы - сол камералар түсретін мәліметтер онлайн режимде қолжетімді, файлдарды ақтарып, серверден іздеп жүрмейсіз. Өкінішке қарай, процестің өзіне камералар әсер етпейді. Бірақ жедел әрекет етуге әсер ете алады", - деп түсіндірді сарапшы. 

Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкастты Anchor.FM, SpotifyЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина, педагог, психолог Анна Быкова, халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Негай, балалар психологы, ойын терапевті Виктория Гончарова, балалар психологы, арт-терапевт Елена Бурьевая, кәсіби коуч, ментор Мадина Билялова, журналист, жазушы Александр Мурашев, психотерапевт Рашид Азизов, психиатр, психотерапевт Евгений Фомин, бала дамуы бойынша маман және бала бақшаларын ұйымдастырушы Гаухар Киикова, Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының төрайымы Лейла Күленова, Astana Garden School инновациялық мектебінің негізін қалаушы Нұрмұxаммед Досыбаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети