ПОДЕЛИТЬСЯ
02 тамыз 2020 | 09:53
Баланың дамуына не кедергі жасайды? i-balaqai жобасында Назгина Мирза
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Назгина Мирза ата-ананың мейірімділігі мен балаға шамадан тыс қамқорлық жасау қай кезде басталатынын айтады. Сарапшы "ұшақ ата-ана" деген кім екенін және қорқыныштың бала дамуына деген әсерін түсіндіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Назгина Мирза ата-ананың мейірімділігі мен балаға шамадан тыс қамқорлық жасау қай кезде басталатынын айтады. Сарапшы "ұшақ ата-ана" деген кім екенін және қорқыныштың бала дамуына деген әсерін түсіндіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Тікелей эфирлер аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.
Бүгін, 2 тамыз сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында спикер "Балаға шамадан тыс қамқорлық көрсету - оның үйлесімді дамуына кері әсер ететін фактор" атты тақырыпта әңгіме өрбітеді.
Мирза Назгина 2-8 жас аралығындағы жазба тілінің және психикалық ауытқуы бар балалармен жұмыс істейді.
Жүргізуші - журналист, "Медиа дамыту қоры" КҚ бас директорының орынбасары Махаббат Есен.
Сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz сайтынан оқып, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай аласыз. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады.
Сондай-ақ видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасыннан және Tengrinews.kz-тің Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.
i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина, педагог, психолог Анна Быкова, халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Негай, балалар психологы, ойын терапевті Виктория Гончарова, педагог Елена Венгерская, балалар психологы, арт-терапевт Елена Бурьевая, кәсіби коуч, ментор Мадина Билялова, журналист, жазушы Александр Мурашев, психотерапевт Рашид Азизов, психиатр, психотерапевт Евгений Фомин, бала дамуы бойынша маман және бала бақшаларын ұйымдастырушы Гаухар Киикова.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также