30 сәуір 2015 11:52

Ғани Қасымов тура үш жыл бұрын A'Studio тобын "Құрмет" орденімен марапаттауды ұсынған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Ғани Қасымов A'Studio тобын "Құрмет" орденіне ұсынған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі парламенттің жоғарғы палатасының отырысында.


Ғани Қасымов A'Studio тобын "Құрмет" орденіне ұсынған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі парламенттің жоғарғы палатасының отырысында.

Айта кетейік, Қасымов депутаттық сауалын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің басшысының атына (сол уақытта Дархан Мыңбай болған) 2012 жылдың 26 сәуірінде жасаған болатын. Еске салайық, Батырхан Шүкенов 2015 жылдың 29 сәуіріне қараған түні қайтыс болған еді. Яғни, депутаттық сауалдан кейін тура 3 жыл өтіп отыр.

Дархан Мыңбай 2012-2013 жылдар аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болды.

"Осы жылдары ТМД елдерінде шын мәнінде ұлы мерейтой - ширек ғасырдан бері музыкасынан ләззат алып жүрген топтың құрылуына 25 жыл толып отыр. Бұл - A'Studio. Бұл "Арай", кейін Роза Рымбаеваның кезінде, 80-жылдардың басында "Алма-Ата" болып, ал одан кейін жігіттер Мәскеуге кетіп қалды, енді, міне, әлем халқы және біз - жастарымыздың екінші, үшінші буыны осы керемет адамдардың өнерінен, дарынынан бағыт алады. Бұл топ біздің елімізде ерекше, қайталанбас дарындардың дүниеге келетінін дәлелдеп берді", - деді Қасымов министрліктің тарапына арнаған сөзінде.

Ғани Қасымов.

Ол Қазақстанда топтың мерейтойының елеусіз өтетінін, ал Мәскеуде бұл оқиғаға Андрей Малаховтың арнайы бағдарлама арнап, ал топқа мерейтой концертін Мемлекеттік Кремль сарайында өткізуге мүмкіндік берілгенін айтып, ведомство басшылығының намысын қажады. 

"Өз кезінде патшайым (Ұлыбритания. - Авт.) "Битлз" тобының құрамын "сэр" деген атақпен марапаттады және біз қазір "сэр Пол Маккартни" деп айтамыз. Міне, шетелде отанын танытатын ұлдарын олар осылайша ұмытылмастай етеді, ал біз ше? еңбек сіңірген өнер қайраткері, мадақтау атақтарын кімге бермей жатырмыз... A'Studio 30 жыл бойы дәлелдеп келеді, бүкіл әлемге біздің халықты, бүгінімізді танытып келеді, бірақ ешқандай да атақ, құрмет сыйлығын бермедік. Отаны олардан бас тартты және мойындамайды. Топтың барлық мүшесіне, оның ішінде бұрынғы мүшелеріне "Құрмет" орденін беру керек. Лайықты түрде атап өтіп, Қазақстандағы үздік залдарды ұсыну қажет", - деді сенатор. 

Жоғарғы палатаның спикері Қайрат Мәми өз кезегінде әріптесінің сөзін түзетті, бірақ пікіріне қосылды.

"Менің есімде, Батырхан Шүкенов бірнеше жыл бұрын мемлекеттік сыйлықты алды, бұл азаматтарды отаны ұмытты деп айтуға болмайды. Бірақ сіз бұл мәселені орынды көтеріп отырсыз. Ал егер ұмытсақ, бұл мәселе көтерілмейтін еді", - деді Мәми.

Қасымовтың сауалына мәдениет министрі 2012 жылдың 25 мамырында былай жауап қатқан болатын: "Хабарлаймыз, ҚР "Мемлекеттік наградалары туралы" Заңына сәйкес, "А-СТУДИО" тобының әртістеріне мемлекеттік сыйлықты тағайындау туралы ұсынысы министрліктің сыйлықтар жөніндегі комитетінің отырысында қарастырылады, бұл ұсыныс мақұлданған жағдайда ҚР Президент әкімшілігіне жолданады".

Қазақстандық әнші Батырхан Шүкенов 53 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ақпарат құралдары 29 сәуірде хабарлады. Оның жүрек талмасынан көз жұмғаны айтылды. Шүкеновтің өлімі туралы ақпар ешкімді де бей-жай қалдырмады.

Астана мен Алматыдағы алаңдарда халық жиналып, әртісті еске алды, шырақ жағып, әндерін айтты.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Батырхан Шүкеновтің қайтыс болуына байланысты оның туғандары мен жақындарына көңіл айтты. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Батырхан Шүкеновті еске алу концерттерінің Қазақстан бойынша өтетінін хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети