24 маусым 2015 | 15:25

Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау Ресейде де назарсыз қалмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Nurotan.kz ©Nurotan.kz

Ресейдің Федералдық Кеңесінің Халықаралық істер бойынша комитеті басшысының орынбасары Андрей Климов "Қазақ Хандығының 550 жылдығының біздің халқымыздың тарихындағы маңызды кезеңі болып табылатынын және осы айтулы оқиғаны назардан тыс қалдырмайтындарын" атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің Федералдық Кеңесінің Халықаралық істер бойынша комитеті басшысының орынбасары Андрей Климов "Қазақ Хандығының 550 жылдығының біздің халқымыздың тарихындағы маңызды кезеңі болып табылатынын және осы айтулы оқиғаны назардан тыс қалдырмайтындарын" атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресей парламентшілері атаулы күндерді мерекелеу  бойынша бірлесіп жұмыс жасаудың қажет екенін жеткізді, олардың қатарында Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдығы да бар.

Еске салайық, бүгін, 23 маусымда "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің басшылығымен "Нұр Отан" партиясы делегациясының Ресей Федерациясына жасаған ресми сапары басталды. Екі жақты кездесу барысында Мәскеуде "Единая Россия" бүкіл ресейлік саяси партиясының басшылығымен екі билеуші партияның арасындағы өзара іс-қимыл мен әріптестік туралы Келісімге қол қойылды. Ресми сапарының бірінші күнінде "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Сергей Нарышкинмен кездесті.

Екі жақты кездесу барысында бүгінгі таңда ҚР Парламенті Сенаты мен РФ Федерация Кеңесінің, ҚР Парламенті Мәжілісі мен РФ Мемлекеттік Думасының арасында тікелей өзара іс-қимылдың орнатылғаны, ал депутаттардың ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ мен ЕҚЫҰ Парламенттік  Ассамблеясы отырыстары шеңберінде жемісті жұмыс жасап  жатқандары атап өтілді. Тараптар екі елдің Парламенті арасындағы байланыстарды әрі қарай да дамытуға ниетті екендерін жеткізді.

Сапар шеңберінде "Нұр Отан" партиясының делегациясы "Единая Россия" Бас кеңесінің хатшысы, РФ ФЖ Мемлекеттік Думасы Төрағасының орынбасары Сергей Неверовпен жүздесті. Кездесу барысында Бауыржан Байбек "Нұр Отан" мен "Единая Россия" партияларының билеуші болып табылатынын және өз елдеріндегі заңнамалық органдарда көпішілік дауысқа ие екенін атап өтті. Сонымен бірге партияларды "Нұр Отан" Доктринасындағы, сондай-ақ "Едина Россияның" ресми тұғырнамасында белгіленген орталықшылдық идеологиясы мен ортақ консервативтік құндылықтар біріктіреді.

Тараптар біздің елдеріміздің арасындағы партияаралық және парламентаралық әріптестіктің қарқынды дамуының Қазақстан мен Ресейдің өзара тиімді әріптестігінің нығаюына ықпал ететініне тоқталды.  

Сапар аясында "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, сондай-ақ РФ Мемлекеттік Думасындағы "Единая Россия" партиясы фракциясының жетекшісі, РФ ФЖ Мемлекеттік Думасы Төрағасының орынбасары Владимир Васильевпен жүздесті. 

Ресейлік әріптестерімен кездесуі барысында Бауыржан Байбек Қазақстан Президенті, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның ХVІ Сьезінде жария еткен Бес институтционалдық реформасын, сондай-ақ қабылданған "100 нақты қадам" Ұлт Жоспарын іске асырудағы "Нұр Отан" партиясының ролін атап өтті.

Баспасөз өкілдерінің айтуынша, "Единая Россия" партиясы фракциясының жетекшісі, Мемлекеттік Думаның вице-спикері Владимир Васильев партиялар арасындағы ашық және сенімді қарым-қатынастарды жоғары бағалады. "Біз ресейлік-қазақстандық өзара іс-қимылдың деңгейі мен жемісті сипатын көрсететін, "Единая Россия" "Нұр Отан" партиясының арасындағы қалыптасқан ашық және сенімді қарым-қатынастарды жоғары бағалаймыз", - деп атап өтті Васильев.

Осы ретте, "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек биылғы жылы Қазақстанның ТМД-ға төрағалық ететінін және елдердің арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылды әрі қарай тереңдете түсуге ықыласты екенін жеткізді.

"Ресей Қазақстан үшін - бауырлас ел, бейбіт көрші және стратегиялық серіктес. Биыл Қазақстан Президенті, "Нұр Отан" партиясы Төрағасының осыдан жиырма жыл бұрын жариялаған идеясын шындыққа айналдырған - Еуразиялық экономикалық кеңес бастау алды. Бірігудің ғаламдық тәжірибесі күш-жігерді біріктірудің ұзақ мерзімді экономикалық дивидендтер әкелетінін және халықтың әл-ауқатын көтеретінін көрсетіп отыр, - деді Байбек.

"Нұр Отан" партиясы мен "Единая Россия" бүкіл ресейлік саяси партиясы арасында өзара іс-қимыл мен әріптестік туралы Келісімге қол қойылды. Бұл келісім "тәуелсіздік, теңдік, өзара құрмет пен бір-бірінің ісіне араласпау негіздері мен қағидаттарына сүйеніп жасалды. Өйткені, партиялық байланыс қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастардың маңызды құрамды бөлігі болып табылып, ортақ мүдде үшін олардың тұрақты дамуына ықпал етуді көздейді.

"Билеуші партиялардың арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерінің қатарында - партия құрылысы саласындағы тәжірибесімен бірін-бірі таныстыру, партиялық жобаларды, ұйымдастыру жұмыстарын, бақылау-ревизиялық қызметті, кадрларды оқыту мен дайындауды іске асыру, мемлекеттік биліктің өзара ортақ мүддені танытатын заңнамалық органдардың қызметіне,  жастар саясатына, халықаралық байланыс пен басқа да салаларға да қатысуы бар", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, баспасөз өкілдерінің таратқан хабарламасында келісімде тараптардың партияның оқыту құрылымдары арасындағы тәжірибе алмасуға, сондай-ақ, "достық пен көршілікті нығайту, жастарды патриотизм мен еңбексүйгіштікке баулу мақсатында, "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" Жастар қанаты мен "Молодая гвардия Единой Россий" бүкіл ресейлік қоғамдық ұйымының арасындағы әріптестікті дамытуға ықпал ететіні аталғаны айтылған.

Тараптар партия басшылығы делегациясы сапарының алмасуы туралы келісті. Мысалы, 2015-2016 жылдары "Единая Россия" бүкіл ресейлік саяси партиясы басшылығы делегациясының Қазақстан Республикасына сапары  жоспарланған, 2017 жылы "Нұр Отан" партиясы басшылығы делегациясы Ресей Федерациясына сапарлап барады.

Сапар барысында делегация мүшелері "Единая Россия" партиясының Орталық атқару комитетінің жетекшілерімен, "Молодая гвардия Единой России" басшылығымен кездесіп, партияның Мәскеу қалалық өңірлік бөлімінің жұмысымен танысты.

Еске салайық, 2014 жылдың қазан айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы активімен кездесуде 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын мерекеленетінін айтқан болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети