01 ақпан 2019 | 10:07

Қазақстандықтар Қырғызстан тауларында жарақат алды

Қазақстандық жігіт пен қыз Қырғызстан тауларында баллонмен сырғанау кезінде жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық жігіт пен қыз Қырғызстан тауларында баллонмен сырғанау кезінде жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 2019 жылдың 23 қаңтарында болған. Қазақстандықтарды ол елге достары шақырған екен.

Реклама
Реклама

"Сол күні Ысық ата ауылынан Бішкекке бара жатқан кезде олар тауда баллонмен сырғанаған. Нәтижесінде отандастарымыз кюветке ұшып кетіп, ауыр жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілді. ҚР азаматтары қажетті емді Бішкектің Травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығында алды. Қазақстанның СІМ өкілдерінің көмегімен науқастарды тасымалдау мәселесі шешілді", - деп хабарлады СІМ өкілдері.

Министрліктің мәліметінше, 2019 жылдың 30 қаңтарында "Республикалық санитарлық авиация орталығының"  арнайы борты зардап шеккендерді Астанаға жеткізді. 

Орталықтағылар науқастардың әрі қарай Астанадағы № 1 қалалық ауруханада және Травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығында емделететінін хабарлады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram