01 шілде 2014 | 20:37

Қазақстанға көбіне Өзбекстан азаматтары келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тұрар Қазанғапов © Фото Тұрар Қазанғапов ©

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің туризм индустриясы комитеті туризмнің рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің туризм индустриясы комитеті туризмнің рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Комитеттің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2011-2013 жылдар аралығындағы статистика агенттігінің деректері бойынша біздің елге келіп-кеткен шетел азаматтарының саны 18,6 миллион адам болған. Осы орайда атап өтерлік жәйт, Қазақстанға ең көп ТМД мемлекеттерінен азаматтары келеді екен, соның ішінде: Өзбекстан - 2,4 миллион азамат, Ресей Федерациясы - 1,7 миллион, Қырғызстан - 1,3 миллион; ал алыс шетелдерді айтар болсақ, Қытай - 205 мың азамат, Түркия - 92 мың, Германия - 75,4 мың.

2013 жылы Қазақстанға 6,8 миллион шетел азаматы келген. Ол алдыңғы жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 11 пайызға көп.

Сондай-ақ, 2011-2013 жылдар аралығында шетелге Қазақстаннан шығып қайтқан азаматтарымыздың саны 27,2 миллионға жеткен. 2013 жылы Қазақстандықтар 2012 жылға қарағанда 12 пайызға шетелге жиірек шыққан.

Қазақстандықтар арасында танымал ТМД елдерінің қатарына мына мемлекеттер жатады: Ресей - 3,8 миллион азамат, Қырғызстан - 3,8 миллион, Өзбекстан - 1,21 миллиона; алыс шетелдер: ҚХР - 3,8 миллион азамат, Түркия - 349,5 мың, БАӘ - 109,1 мың адам.

Сонымен қатар, туризм индустриясы Комитетінің баспасөз қызметі ішкі туризм бойынша туристер саны 2011 мен 2013 жылдар аралығына 9,7 миллион адам болғанын атап өтті. 2013 жылы Қазақстан қонақүйлері 3,3 миллион адамға, 59,7 миллиард теңге соммасына қызмет көрсеткен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети