03 наурыз 2014 | 18:23

Қорғаныс министрлігіне контрафакт оқ-дәрі жеткізілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқ-дәрі корпусы су-кәріз құбырынан жасалған. Фотосуретті ақпарат көзі ұсынды. Оқ-дәрі корпусы су-кәріз құбырынан жасалған. Фотосуретті ақпарат көзі ұсынды.

Еліміздің Қорғаныс министрлігіне контрафакт оқ-дәрілер жеткізіліп тұрған деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Бас әскери прокуратурасына сілтеме жасап. Әскери прокуратураның тексерісі барысында имитациялық және пиротехникалық бұйымдарды жеткізуші "Алма ДК" ЖШС-нің лицензиясыз жұмыс істегені, кәсіпорынның бірде-бір өндірістік базасы жоқ екені белгілі болды. Компания жарылғыш пакеттер, имитациялық патрондар мен түтін шығаратын гранаталар шығарумен айналысқан, бірақ прокуратураның мәліметінше, өнімдердің барлығы да техникалық стандарттарға сай болмай шықты. Қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты "Биліктің әрекетсіздігі" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал "Алма ДК" ЖШС жетекшілері "Атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, алып жүру немесе ұстау" бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сапасыз оқ-дәріні пайдалануға тыйым салынды, өнімдер қайтарып алынды. Tengrinews.kz 2010-2013 жылдары аталған серіктестіктің Қорғаныс министрлігіне жалпы сомасы 2 млрд теңгеге жуық қаражатқа 66 мыңдай имитациялық патрон, 13 мыңға жуық түтіндеткіш граната және 47 мың жарылғыш пакет жеткізілгенін өз ақпарат көзінен анықтады. Өнімдер Қапшағайдағы күзетілмейтін учаскеде өндірілген деген топшылау бар. Ақпарат берушінің мәліметінше, оқ-дәріні біліксіз жұмысшылар ағашталшықты плита, селитра, лак, ғаныш, картон, пластик құбыр тәрізді құрылыс базарынан сатып алған материалдарынан қолдан жасаған. Тұспал бойынша, жұмысшылар 1950-1960 жылдары шыққан қару-жарақ өнімдерін бөлшектеп, қолдан жасаған бұйымдарын пайдалана отырып, оларды қайта құрастырған. Дайын өнімдер сол жерде сақталған, оларды ешкім күзетпеген және құжаттық есепке алынбаған. Оқ-дәріні әскери бөлімдерге жеткізуге жеке автокөліктер пайдаланылыпты. Қолда бар ақпарат бойынша, "Алма ДК" ЖШС-не 2010 жылдың қарашасында-ақ өнім өндіруге сертификат беруден бас тартылған. Дегенмен кейін кәсіпорын Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық органында сертификаттауға қол жеткізеді. Сертификаттау барысында жарылғыш заттар бөлшектеріне сынақ жүргізілмеген, ал ЖШС-нің тапсырыста көрсетілген мекенжайында кәсіпорын жетекшісінің туысқанына тиесілі жеке шаруашылық орналасқан болып шықты. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі компанияға оқ-дәрі жасауға, өндіруге лицензия бермеген. Рұқсаттың тек жарылғыш заттарды сатып алу мен сатуға берілгендігі анықталды. Соған қарамастан, барлық оқ-дәрі әскери бөлімдердің балансына қабылданған.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети