ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2017 жылғы 31 қаңтардағы Мемлекет басшысының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты халыққа Жолдауын жүзеге асыру аясында ҚР денсаулық сақтау жүйесіндегі жетекші лауазымдар кадрлық резервіне үміткерлерді таңдау кампаниясының басталғаны туралы хабарлайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үміткерлерді таңдау барысында олардың жаһандық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік факторлары мен құзереттіліктеріне баса назар аударылады: сапалы білім, мамандығы бойынша елімізде жұмыс істеу өтілінің болуы (ағымдағы ҚР денсаулық сақтау жүйесінің ерекшеліктері туралы хабардарлығы), халықаралық ұйымдар немесе экономикасы дамыған елдерде жұмыс өтілінің болуы немесе тағылымдамадан өтуі және ағылшын тілін білу талаптары қойылады.
Үміткерлердің өтініштері 2017 жылғы 15 сәуір сағат 18:00-ге дейін мына сілтеме бойынша қабылданады.
Өтініштер қабылданған соң ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан денсаулық сақтау жүйесіндегі жетекші лауазымдарға тағайындау мақсатында азаматтарды резервке алу үшін комиссия құрылады.
Жоба үйлестірушісінің байланыс телефондары: 8-(7172)-700-950 (ішкі 1104) Жабатаева Мөлдір Айдарханқызы.