24 шілде 2020 | 20:59

"Мен қайдан шықтым?". i-balaqai жобасында Рашид Азизов

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты мен Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының психотерапевт Рашид Азизов балаға өмір кезеңдерін түсіндіре отырып, оны сабырлы болуға үйрету және өмірді одан әрі тани түсуге үйрету жолдарын айтты. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.


Иконка комментария блок соц сети

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты мен Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының психотерапевт Рашид Азизов балаға өмір кезеңдерін түсіндіре отырып, оны сабырлы болуға үйрету және өмірді одан әрі тани түсуге үйрету жолдарын айтты. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.

Ата-аналар психотерапевттердің көмегіне жүгінген кезде, терапиядан бала да, әке-шешесі де өтеді. Себебі оларды үйде мәселе шығып қалуы мүмкін микроорта күтіп тұр. Рашид Азизовтың сөзінше, егер балада органикалық мәселелер болмаса, бас миында биохимиялық ауытқулар болуы мүмкін. 

"Мынандай жағдайды елестетіңіз. Біз балаға көмектесіп, жағдайды өзгертуге ықпал еттік, ал үйге, микроортаға келгенде біз танысқан мәселе қайтадан пайда болса, терапияның мәні кетеді", - дейді ол. 

Кейде балалар ата-анасына аяқ астынан сұрақ қоюы мүмкін, мұндай жағдайда ыңғайсыз жайт туады. Себебі негізі қиын жағдай кедергі, моральдық, этикалық, қандай да бір мәселе, тыйым салынған сәт, біз жұмыс істемеген механизмдер пайда болғанда туады. Психолог баланың біртүрлі сұрақтар қоюы қалыпты жағдай екенін айтады.  

"Бала өседі, дамиды, өмірді танып, динамикалық, психологиялық жетілу кезеңі болады, сондықтан балада ондай сұрақтар ерте ме, кеш пе пайда болады", - дейді маман. 

Егер бала қандай да бір себеппен сұрақтар қоймай, қызықпаса, ата-аналардың көкейінде "менің баламды бұл неге қызықтырмайды?" деген сұрақ тұрғаны дұрыс.

Ересектер балалар кей нәрсені түсінбейді деп ойлап, мәселені кейінге қалдырып, одан қашқақтап не баланың қызығушылығын сынауы мүмкін. 

"Сіз, әрине, баланың қойған сұрақтарына жауап бермеуіңізге де болады. Немесе кейінге қалдырып, "өскенде білесің, уақыты келгенде өзің түсінесің" деген секілді қарабайыр сөздермен құтыла аласыз. Жауап ала алмаған балада үнемі қорқыныш сезімі болады. Бірақ ол ақыры жауап алады. Ол өзіне қажет сұрақтың жауабын өзімен бірге өскен балалардан, араласатын ересек адамдарынан алуы мүмкін", - дейді спикер. 

Баланың қандай да бір сұрағына жауап берген кезде сабыр сақтап, өзіңізді сенімді ұстап, стреске түсіп кетпеу керек. Егер баланың қойған сұрағынан сасып қалсаңыз, оған сосын жауап беретініңізге уәде беріп, кейінге қалдыруға болады. Оны айтқаннан кейін баладан түсінген не түсінбегенін нақтылап алған дұрыс. 

Одан бөлек, Рашид Азизов бала уақыт өте келе бұрын сұрағанын қайтадан сұрауы мүмкін екенін айтты және мұндай жағдайда сабыр сақтаған дұрыс.

"Баланың жасы кіші болған сайын ол нақты нәрсе туралы ойлайды. Яғни, ол қиын емес нәрселер, сәйкесінше балаға қысқа, нақты, түсінікті, артық сөзі жоқ жауап керек. Болды, бұл жауап балаға жеткілікті және басқа ештеңе түсіндірудің қажеті жоқ. Кейін есейген кезде қандай да бір ой түйіп, ақпарат жеткіліксіз екенін түсінсе, ол қайтадан жауапты нақтылау үшін келеді", - дейді маман. 

Өзін-өзі тану

"Бала есейген кезде әр адам әртүрлі екенін түсінуі қалыпты жағдай. Біреу жылдам, біреу баяу болуы мүмкін", - дейді Рашид Азизов. 

Ата-ананың міндеті балаға кез келген нәрсеге икемделуге болатынын түсіндіру. Ол баланың өзіне, оның қаншалықты қызығушылық танытқанына байланысты. 

Мен не үшін туылдым?

Жасөспірімдер "Мен не үшін тудым?" деген сұрақты өзінің пайдасы үшін, ата-анасы аяуы үшін қоюы мүмкін. Психотерапевт мұндай жағдайда өзіңізді кінәлі сезінбеу керегін, оны түсіндіріп отырудың қажеті жоғын айтады. 

Балада ондай сұрақ жанұяда сәби пайда болған кезде тууы мүмкін. Көбіне мұдай жағдай 5-8 жастағы балалардың арасында болады. 

"Біріншіден, біз балаға әртүрлі әрекетпен оны жақсы көретінімізді түсіндіреміз, бірақ арада сәби болады. Енді ол ересек екенін түсініп, кішкентай баланы қорғай алатынын түсінеді. Біз баланы бағу процесіне (жөргектеу, шомылдыру) араластырсақ, бала өзінің бағасын, өзінің үлкен екенін түсіне бастайды. Сол кезде жағдай реттеледі", - дейді спикер. 

Мен қайдан шықтым?

"Бала қандай контекстте сұрақ қойғанын түсіну керек, себебі жоғарыда айтқанымыздай, балаға артық мәлімет берудің қажеті жоқ. Біз баланың артында жүреміз, алға шығып кетудің қажеті жоқ", - дейді маман. 

Алдымен бала "Сен менің ішімнен шыққансың" деген жауапқа қанағаттанады. Ол сәби күтіп жүрген аяғы ауыр әйелдер барын, бала мен ана арасындағы байланысты түсінеді. 

"Ересектер бір-бірін табады. Сосын біз нақты бір жағдайдың контекстіне назар аударамыз. Әке-шешесі кезінде кездесіп, бір-бірін жақсы көріп қалған", - дейді маман. 

Өлім

Рашид Азизов бала шамамен 3-4 жасымызда бір күні ата-анасының қайтыс болатынын, ал 5-6 жасында жасымызда өзінің де бір күні қайтыс болатынын түсінеді. Сондықтан "Анашым, сен өліп қаласың ба?" деген сұрағынан қорқудың қажеті жоқ. Сарапшы бұл жағдайда балаға "жоқ" деп жауап бермей, ол кейін, біраз уақыттан кейін болатын жағдай екенін түсіндіру керегін айтады. 

"Бұл жағдайда біз бала ересектерден гөрі өзін уайымдайтынын түсінуіміз керек. Сондықтан бұл жағдайда өлім контекстіне аса назар аудармаймыз. Балаға "Сен уайымдама. Біріншіден, қазір бәрі жақсы. Бұл жақын арада болатын нәрсе емес" деп түсіндіру керек", - дейді маман. 

Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкастты Anchor.FM, SpotifyЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина, педагог, психолог Анна Быкова, халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Негай, балалар психологы, ойын терапевті Виктория Гончарова, балалар психологы, арт-терапевт Елена Бурьевая, кәсіби коуч, ментор Мадина Билялова, журналист, жазушы Александр Мурашев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети