Мемлекет басшысы Цзянси өлкесінің Фэнчэн қалалық округінде салынып жатқан электр стансасында болған апат салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Си Цзиньпинге, қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.