26 қыркүйек 2016 | 13:46

"Нұр Отан" партиясында өзіндік "ой фабрикасы" жұмысын бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nurotan.kz © nurotan.kz

Бүгін "Нұр Отан" партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығын жұртшылыққа таныстыру рәсімі өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылған орталық партия қызметтеріне талдау жасауды қамтамасыз етеді.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін "Нұр Отан" партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығын жұртшылыққа таныстыру рәсімі өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылған орталық партия қызметтеріне талдау жасауды қамтамасыз етеді.

Орталықтық ашылу салтанатында Мұхтар Құл-Мұхаммед: "2016 жылдың 6 мамырында өткен "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев жетекші саяси күш ретінде партияның идеялар генераторы болуы керектігін, ол үшін өзіндік мықты талдау орталығын құру қажеттігін атап өтті. Бүгінде біздер Елбасымыздың тапсырмасын сәтті жүзеге асырдық деп мақтанышпен айта аламыз", - деді.

Сонымен қатар, Партия Төрағасының Бірінші орынбасары: "Белгілі "ой фабрикаларын" жүзеге асырудың әлемдік тәжірибесін жан-жақты зерттеу негізінде бүгін жаңа орталық өз жұмысын бастайды. Осыған орай, біз әлемнің дамыған елдеріндегі ең жетекші партиялардың аналитикалық құрылымдарының жұмысын саралай келіп, сіздердің назарларыңызға жаңа орталықтың ашылғанын қуанышпен хабарлаймыз. Бұл орталық Елбасымыз ұсынған қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси, стратегиялық бағытын жүзеге асыруды талдамалық жағынан қамтамасыз ететін болады", - деді.

Орталықты әлеуметтік ғылымдар кандидаты Юлия Кучинская басқарады. Ашылу салтанатында ол әлемде осыған ұқсас 6500-ден астам талдау алаңы бар екенін атап өтті.

"Өздерінің стратегияларын жасап, әлеуметтік-экономикалық іс-әрекеттерін жетілдіруде, сондай-ақ, саяси шешімдер қабылдауда саяси партиялар талдау материалдары мен зерттеу топтарының болжамдарына сүйенеді. Енді бізде де АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Жапония және Еуропалық Одақтың жетекші саяси партиялары секілді өзіндік "ой фабрикамыз" бар", - деді Юлия Кучинская.

Стратегиялық зерттеулер орталығының басым бағыттары: жаһандық үдерістегі Қазақстан, жаңа шынайылықтағы ақылды экономика, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік және саяси бағдарламалардың нәтижелілігін бақылау, партиялық жүйенің дамуы, қоғамдық пікірге бақылау және болжау жасау.

Қазірдің өзінде орталықта 30 талдаушы мен сарапшы жұмыс істейді. Олардың арасында ғылым докторлары мен кандидаттары, Ph.D докторанттары мен магистранттары, "Болашақ" бағдарламасы мен Назарбаев Университетінің түлектері бар. Сарапшылық қауымдастықпен бірлескен жұмыс шеңберінде орталық "Sarap Time" пікір-сайыс және КИПР талдау клубтарымен өзара қарым-қатынас жасайды. Орталық жанында "Зерде" сараптама клубы бар. Бұл - еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына қатысты өзекті сұрақтар бойынша ғалымдар мен сарапшылардың пікір-талас алаңы болып табылады. Шетел мамандарының тәжірибелерін тарту үшін орталық жанында халықаралық сараптамалық кеңес құрылған. Кеңес құрамында ірі сараптамалық "ой трестері" мен әлем университеттерінің, атап айтқанда, АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды, Ресей, Израиль, Сингапур, Жапония және Оңтүстік Кореядан өкілдер бар.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети