ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері 265 мың тонна бензинға жазылған 6,5 мыңнан аса жөнелтпе құжаттың күшін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
МКД Экономикалық тергеу қызметіндегілер Павлодар аумағында заңсыз түрде АИ-92 маркалы бензинін көтерме бағамен жеткізумен айналысқандарды ұстаған.
"Бірнеше ЖОО-ның жеңіл табыс табу мақсатында ұзақ уақыт бойы бензин алып-сатумен айналысқан. Жеткізілген барлық бензин олар жалға алған мұнай базасында сақталып келген. Осылайша, кәсіпорындардың жөнелтпе құжаттары күшін жойды. Бағасы 34,4 миллиард теңге болатын құжаттыың күші жойылды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Мұнай өнімдерін заңсыз алу және оны сақтап, тасымалдау дерегі бойынша ЖШС басшыларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп, қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр.