Президент тұрғын үй мәселесі қалай шешілетінін түсіндірді

12 Маусым, 11:59
0

Президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй мәселесін шешу жайлы айтты, - ден хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Нұр-Сұлтанда Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті.

Президент салтанатты іс-шара барысында тұрғын үй мәселесін шешу жолдарына тоқталды.

"Түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына айрықша назар аударамын. Біздің алдымызда бірыңғай тұрғын үй саясатын жасақтау міндеті тұр. Үкімет осы бағытта нақты шаралар қабылдайды. Содан кейін әділетті әлеуметтік саясат. Біз адам капиталын дамыту саясатын жалғастырамыз. Бұл бағытта ең алдымен не істеуіміз қажет? Жаппай білім беруді қолдау, барлық тұрғынға сапалы медицаналық қызмет көрсету. Бұл мәселелер бойынша біздің тұтас бағыт-бағдарымыз бар", - деді Тоқаев.

Тоқаев халықты не мазалайтынын айтты

Сондай-ақ, Президент мұғалімдердің және дәрігерлердің мәртебесін көтеретін жаңа заңдар қабылданатынын айтты. Тоқаев олардың құықығын қорғап, материалдық жағдайын жақсарту үшін тиісті жағдайлар жасалатынын айтады.

Мұның алдында Тоқаев жемқорлықпен қалай күресетініне тоқталған болатын. "Тұрақты және қарқынды экономикалық өсім арқылы ғана бұл мәселені шешуге болады. Ең алдымен өсім бізге не үшін қажет? Терең түсінуіміз қажет. Азаматтарымыз өз елінде алаңсыз өмір сүріп, еңбек етіп, ұрпағын тәрбиелеп, халқымыздың жетістіктеріне бірге қуанып, мақтан тұту үшін экономикалық өсім болуы тиіс", - деген еді ол.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай